Менің махаббатым- Ақ Қонжық (кезексөз)

Менің махаббатым- Ақ Қонжық (кезексөз)
жеке
блог

Менің махаббатым - Ақ Қонжық!

 

Иә, кәдімгі ойыншық, қос алақанға сыйып кететін кішкентай ғана жансыз зат менің нағыз махаббатым.

Қиын күндерімде жұбаныш болған,түнімен жылағанда куә болған, сырымды тыңдаған да жалғыз сол қуыршақ. Тірілер арасында дос табылмады емес, бар ғой. Алайда, біреуге масыл болғым келмейтін, оған қоса ата-анам алдында әлсіз көрінгім келмеді, түк болмағандай, бақытты болып жүру үшін өзіммен өзім бола бердім.

 

Депрессияны әлсіздердің ойлап тапқаны демеңіздер, расымен дерт екен. Дәрімен де емдейтінін еске салам. Бірақ, онсыз ақ жұтып жүрген дәрім аздай деп, тағы дәрі ішуге өзімді қимадым.

Арттерапия, аромотерапия, фитотерапия дегендердің талайын көрдім. Дым да шықпады... Шөп тұнбасын ішіп алып, иіс майларды иіскеп сурет салумен айналысу жақсы көмек бола алмады. 

 

Сөйтіп жүргенімді Ақ Қонжық тап болды)))) Бір жарым жыл ең адал досым, Талғат айтпақшы "Бойфрендім" болған қуыршақ қазір сөрелердің бірінде тұр. Құр әдемі естелік))))

Иә, қазір күлкілі, ерсі, миға қонымсыз, қисынға келмейді, алайда сол күндерде ең тиімді, ең дұрысы сол болады деп сендім.

 

Кезексөзді келесі болып Айкона жазсыншы))))