Менің қызығушылықтарым (эстафета)

Менің қызығушылықтарым (эстафета)
жеке
блог

Әселдің әнеукүнгі айтып жүрген эстафетасын басында дұрыс түсінбей, "Кімді жүгіртейін деп жүрсің?" әлде "инстаграммдағы ма?" деп күлгенмін. Одан саған ұсынамын дегенде ойнап айтқан болар деп мән бермей қойғаным бар.Сөйтсем, бұл көкем расында да мені "жүгіртпек" екен.Жарайды, ендеше, мен де жазып көрейін..

Жазбас бұрын айналамдағылардан "сауалнама" жүргізгенімде бәрінің ойы бір жерден шықты. Әрине, ол,-тамақ.беш

Мен өзім кішкентайымнан тамақты өте жақсы тәбетпен жейтіндіктен "жемшелек" деген лақап атқа ие болғанмын. Жасыммен бірге асқазаным да қатар өскен болса керек, тәбет бұрынғыдан артпаса кемімеген. Соның арқасында әлі күнге дейін "шошқа", "Глоря" деген аттарым қалып қойған. Глоря демекші, "мадагаскар" мультфилімін жақсы көремін.ГлояАлекс Марти

Тағамдардың барлығын мүмкіндігінше үйде өзім пісіргенді ұнатамын. Жақындарымды түрлі дәмділермен қуантқанды жақсы көремін. Демалыс күндері күн ұзағына ас үйде жүріп қалған кездерім де болған.

тамақ

Соңғы кездері қазақтың ұлттық киімдеріне аңсарым ауып жүр. Қалыңдықтардың ақ көйлегінен гөрі ұзату тойына киетін көйлектеріне көп мән беремін. Соларға сүйсіне қарағанда өзім де тұрмысқа шыққым келіп кетеді.Айгүл
ұзату той

Бір түрлі, оқығанның бәрі түсіне бермейтін монолог жазатыным бар, кейде.. Бірақ оларды көп сақтамаймын. Көңіл-қошым болмаған кезде өшіріп тастаймын немесе жырта салам. блокнот

Әсел Құрманның жазғандарын сүйсініп оқимын. Өлеңдерін де, мақалаларын да.Сэмуль

Алматының көктемгі табиғатын сүйем. Мүмкіндігім болса, барлық көктемімді сонда өткізгім келеді.Алматы

Кішкентай балаларға арналған әткеншектерге болғанды ұнатамын. Өйткені, ересектерге арналғанынан қоркам.АйгулНикош

Бітіргелі отырған мамандығымды не үшін таңдағанымды енді ғана түсінгендеймін. Біріншіден, білетінімді адамдарға үйреткенді жаксы көремін; екіншіден, балаларды жақсы көремін; үшіншіден, әлге дейін мектебімді, сонда өткізген кездерімді, сыныптастарымды сағынамын.мұғалима
ЖМГ

Ақылгөйсіп, достарыма кеңес бергенді де жақсы көремін. Құдды бір өмірде көргенім көп көсем, кемеңгер кісіше сөйлеп кетем.

Айналамдағыларға күлкі сыйдағанды жақсы көремін. Мені де үнемі езуінен күлкі кетпейді деп жатады. Сол себепті, күлкілі қылып жазуға тырыстым.

Қарап отырсам, бәлендей бір "уау" дейтіндей қызығатын нәрсем жоқ екен.Әсел ұсынған эстафета таяқшасының арқасында массагетте жазған алғашқы және соңғы жазбам осы шығар деп ойлаймын.