Менің қысқа әңгімелерім

Менің қысқа әңгімелерім
жеке
блог


⭐Үш жасар жиенім ойнайық деп мазамды алды. Менің ауырып отырмын, ааай деп ауырған адамнын кейібіне еніп құтылармын деген "жаман" ойым бар еді. Бір қарасам жиенім орындық қойып тоңазытқышты ашып, ішінен жөтелдің сиробын алып келді, "əпке, іш" деп маған жаны ашып қамқор болмақшы. Қатты ұялып, жүрегім елжіреп кетті. 

⭐Автобус көз алдымда кетіп қалды, жүгірдім, жете алмадым. "Туф" деп тұрсам бір машина келіп тоқтады. "Тез отыр, автобусты қуып жетеміз" деп көршім тұр күлімдеп. Жақсы көршің болса тамаша негізі)


⭐Кешке үйге кірерде телефонымды түсіріп алыппын. Іздеп таппай, қоңырау шалсам сөндірулі болған соң күдерімді үзгем. Сəлден соң тұтқаны алды.
Көрші подъездегі танымайтын көршім даладан тауып алған екен. Қайтару керек деген шешімге тез келген. Себебі біраз бұрын өзі дəл менің орнымда болыпты. Ол кісіге де қайтарған. Басынан кешкендіктен, менің хəлімді түсінгендіктен қайтарып тұр. Өзіне жасалған жақсылық тізбегін жалғастырып тұр. Тізбекті үзетін ойым жоқ.

⭐Ауладағы гүлдерімді кішкентай балақайлар қызық көріп жұлып алатын. Жұлуға болмайтынын, өліп қалатынын, ренжитінімді барынша өз тілдерінде түсіндірдім. Бірде сыртқа шықсам үшке толмаған інім мен сіңілім жұлып алған гүлдерін топыраққа бос қадап-қадап тізіп қойыпты. Алдыма келіп айыптарын сезініп, өздерінше ұялып жатыр, менің көңілім үшін. Қалай елжіремейсің.
                        </div>
                                                    <ul class=

  • мейірім
  • мейірімділік
  • көрші