Менің құрбым құдайдың берген қазынасы!!!
Мен құрбым жайлы айтпас бұрын ұзақ ойланамын. Себебі оны маған құдайдың өзі жібергендей көрінеді кейде . Алғаш қалаға оқуға келгенде екеумізге жатақханадан бір бөлме түсті. Әрі бір группа бұйырғанын қарасаңызшы. Басында мінезімізде үйлеспеушіліктер тіпті көп екені уақыт өте біліне бастады. Оның мінезіне бірден үйреніп кету маған өте қиын болды. Мінездеріміз қарама қарсы десем қате айтпағаным болар. Бірақ плюс пен минус бір бірін тартад дейді емес пе! Шынымен де уақыт өте келе мен оны, ол мен толықтыра түстік Міне қазір ол менің тауды бірге қопарар жан құрым. Ол менің бір тірегім(опора)сияқтанады. Егер өзім ешқашан істеп көрмеген, тіпті ол туралы ештеме білмей тұрсам да ол менің қасымда болса мен ештеңеден қорықпаймын. Қазір мен онсыз бір қадам да басқым келмейді. Оның кеңесінсіз алған затым сапасыз көрінетіндей. Кейде тіпті екеуміз бірдей ойлайтын сияқтымыз. Тіпті ауырып қалсам анам сияқты жанымнан шықпайды. Ол әпке орнына әпке, ана орнына ана, құрбылық орны мүлде бөлек.
Ол Массагеттке үнемі кіріп шолып шығатын әдеті бар. Сондықтан алғысымды осылай жеткізгім келді. Оған мына сөзді айтқым келеді. «Спасибо за то что ты есть!» Айтпақшы оның есімі-Айгерім.