Менің күнім...тек менің....
блог
Массагетім :) Бүгін менің ерекше күнім...жаңа жасым...жаңа белесім...!
Асыға күткен күнім...Жыл сайын 30 қаңтарды асыға күтемін. Күтпеген жағдай,тосын сый,сыйлықтар бәрі мені күтіп тұғандай болып тұрады. Ерекше сезімдер,қуаныштар, түрлі эмоциялар, бар реніштерімді,уайымдарымды,мұңдарымды осы күні ұмытып,тек жақсылықтарға жымиып, қуаныштан аққан көз жастарға ерік беретін таңым.... Балалық емес шығар,бірақ осы күні уақыттың тарсылы ақырындап,құдды бір "асықпай осы күніңмен рахаттан!"-деп тұратындай)))
Дегенмен өзімнің бір жасқа есейгенімді,жаңа бір белеске жеткенімді, Аллаһтың қолдауымен, ата-анамның аяулы алақандарының арқасында осы күнге жетіп отырмын деп ойлаймын. :) Менің емес, ата-анамның күні...Қуанышы...Қызығы...Осы күні анам дүниеге қалай келгенімді, қандай болғанымды һәм өскенімді айтып отырады. Өткеніміздің шаттыққа толы сәттерін бір еске алып,күліп те жылап та аламыз)
21 жасымды сенімен бөлісіп отырмын Массагет)))) Көп рақмет саған!
Сіздер де бұл күнді асыға күтесіздер ме достар?