МЕНІҢ - КУМИРІМ!

               Кумир... Кумир деген не өзі? Қанша қусаң да жете алмайтын бақыт па? Әлде сенен асып түсер мықты қарсылас па? Немесе ол сенің осы өмірге келгендегі түпнұсқаң ба?! Кім біледі? Мүмкін солай да шығар.. Жалпы мен «Менің кумирім» атты тақырыпқа өз ойымды жазбастан бұрын, кумир жайлы өз ойымды және түсінігімді өз түйсігім бойынша мәлімдеп берсем: «Кумир» деген сөз – ол сенің осы өмірге келгендегі басты қарсыласың. Сенің барлаушың! Яғни былайша айтқанда сенің – түпнұсқаң. Сен оның дәрежесіне жеткенше – дәл сол адамның көшірмесі рөлін атқарасың. Ал оның дәрежесіне жеткенде – сен «тәжірибелі» адамдар санатына өтесің. Ал енді басып озып кеткен жағдайда – сен өзіндік ойын қалыптастырған «тұлғаға» айналасың.Міне, осылай. Бұл қарапайым логика. Әрбір адам баласы көз ашқаннан өзінше армандайды. Болашағының жарқын болғанын. Болашақ саласын. Бағдарын. Өмірінің бақытты сәттерін.. Жалпы айтқанда бәрін,бәрін. Ал ес жиғалы, болашағының биік болатынына нақ сенетін адам өзінің өмірлік кумирін іздей бастайды. Өзіне бір тұлғаны пір тұтады. Сол сияқты болғысы келеді. Бұл өмірде сол басқан ізді басып, сол басқан жолмен жүргісі келеді. Сол арқылы ол өз өмірінің болашағын өзінше сипаттай бастайды.Менің кумир жайлы қысқа да нұсқа өз түсінігім осы..

                Ал енді өзімнің кумиріме келер болсам.. «Менің кумирім» – өте мықты әрі жеңілмес қайсар дүние. Артынан қусаң жетпейсің, алдынан шықсаң ұстай алмайсың дегендей ол өте жылдам әрі менен қайда ақылды. Ол артына қарамайды. Және де артына сағынышпен қарағандарды жек көреді. Ол тек қана алға қарай жылжи береді. Бір өкініштісі ол уақыттан да жылдам. Сан тараулы жолдарды қалайша тез жүріп өтіп, тау мен тасты қалай бағындырғанын да көріп үлгермейсің. Ол барлық адамзат баласын күлдіріп тұрып жылата алатын қасиетке де ие. Бақытты етіп, жылатуы да ғажап емес. Жалпы айтқанда, ол өзіне тым сенімді ғаламат. Және де ол өзіне өте жеңіл қарсыластарды қарсылас ретінде қарамайды. Оған қарсылас болу үшін де сен де тура сол секілді батыл әрі мықты болу керексің. Әйтпесе, түбі сол кумиріңді бағындыра алмай, бұл өмірден ешқандай бақыт пен шаттықсыз өтесің. Ал, бағындырсаң арманың мен мақсатыңа жетесің. Бес күндік бұл жалғанда арманы мен мақсатына жеткен адам – ең бақытты адамдар тізбегінен орын алатынын өзіңде жақсы білесің. Ол ерте оянып, бірден іске кірісетін жаратылыс. Ұйқыға да өз уақытымен күнделікті дағдыланған. Ол әрбір атқан таңында барша адамзат баласына, ең үлкен байлығын сыйлайды. Жақындарын қуантуға мүмкіндік береді. Ешқашан кешікпейді. Ешкіммен де достаспайды. Тек өз алдына алға қарай ұмтыла береді. Ол ешкімнің ойына кіріп шықпайтын өте мықты қарсылас.Және де мен өз кумиріме жету жолында аянбай қызмет етемін! Оның алдына түсіп, орап кетпесемде, артынан қуып жетіп, өзімнің осы өмірге келгендегі күш жігерімнің барын мойындатамын. Арманым мен мақсатыма жету жолында, өзіме ең мықты қарсыласты кумир етіп алдым деп ойлаймын. «Менің кумирім – өмір!»

               Иә, менің кумирім – өмір екені таңқаларлық дүние емес екені белгілі. Өйткені, әркім өзінен мықты деп санайтын дүниені- өзіне кумир етіп санайды. Мені басып озар болса, тек сол өмір ғана. Басқасының бәріне жетуге болады. Ол үшін сәл ғана талпыныс пен аздаған талап болса..Осы өмірге келгендегі ең бақытты адам сен болар едің! 

 

"Себебі, бұл - мен!" туындысынан үзінді



Бөлісу: