Менің көзқарасыма әсер еткен кітап

Менің көзқарасыма әсер еткен кітап
жеке
блог

Кітап  оқитын адам кітап оқудан алшақ адамға қарағанда кейбір заттарды басқаша көреді, сараптайды. Кітап адамның сана-сезімін, қиялы мен ақпарат қабылдау дағдысын жақсартады. Сонымен қатар, кітап әрине адамның өміріне де әсер етуі мүмкін. Менің көзқарасыма әсер еткен, жүрегіме жақын кітап – Б. Соқпақбаевтің «Өлгендер қайтып келмейді» романы. Неге бұл роман маған жақын ?

Бұл роман менің алғашқы оқыған кітабым және осы кітапты қолыма алған сайын жүрегімді жылы естеліктер баурайды. Біріншіден, бұл романның басты кейіпкері – Еркін. Еркін қарапайым отбасыдан шыққан, ауылда туып-өскен жігіт. Бұл кейіпкер мен менің қабілетіміз бір деп айтуға болады. Себебі, ол әрдайым қалам тербетіп, кітап оқуға дәл мен сияқты жақын болған. Менің және Еркіннің ұқсас тұстарымыз ол іштетулап жатқан сезімді, қағаз бетіне түсіру арқылы білдіру.

Екіншіден, бұл роман менің өмірге деген көзқарасымды өзгертті. Себебі, адамның өмірінде қанша қиындық кездессе де, жақсы адамның сол қиындықтан шығып кетуіне тағдырдың өзі көмектеседі. Мысалы, Еркінді жазықсыз абақтыға жапқан кезде, бірнеше күннен кейін Ұлы Отан соғысының аяқталғанына орай оны босатады. Сонымен қатар, Еркін кезінде бірге бола алмаған ғашығымен романның соңында бәрі бір қосылады. Осылайша, « Қуған жетпес, Бұйырған кетпес.» - демекші, әр адамның туылған кезде басына жазан тағдыры болады.

Сондықтан жүрегі кең, қамқор адамның жанынан әрдайым өмірдің ащы, тұщысында да бірге болатын адамдар табылады. Қорытындылай келе, осындай қайсар мінез бен адамгершілік қасиеті бірге тоғысқан «Өлгендер қайтып келмейді» романының басты кейіпкері – Еркіннің жеке тұлғасында кездесетін қасиеттер мен романда болған оқиғалар менің өмірге деген көзқарасымның өзгеруіне ықпал етті.