Менің қос қанатым...
блог
Мен жалғызсырап жүрмін,бірі ұқса бірі ұқпас.Кімге жалынайын?Менің бал ғұмырымның жасарып, жайнап, гулденетін шағы емес пе бұл?Неге бұлай?Мен неге ауыр күрсініс үстіндемін? Мені не мазалап жүр?
Мен қалаған оқуыма түсе алмадым,мейлі, бәрібір өз мақсатыма жетем!Мынау дамып жатқан сұрапыл заманда шешімі табылмас мәселе жоқ қой,дегенмен адам жанын ұғу оңай ма?Мен өзімді өзім ұғына алмай жүрмін.Айналамдағылардың менің сөзімді, ойларымды түсінбей тіпті кейде жатсынатынын айқын аңғарамын.Мені жақсы біледі,жақсы таниды деген екі бауыр-досым шетте жүр, жүректері алып-ұшып.Оқуға тапсырып, нәтижесін жүректерін қолға ала күтіп жүр.Олар оқуға түсіп кетеді,ата-аналарын қуантады,мен білем.Олар үшін басым көкке жетердей болып қуанамын.Бірақ жанға бататыны олардың менен шалғайда болатыны.Қатты ойға кетіп,мұңая кетсем бірден -Әкежан,Бауырым қайдасың,үй жағыма келіп кетші деуші едім.Енді алдағы уақытта кімге олай айтамын? Олай айтуға лайықты жан табамын ба?Жоқ...
Таппаймын,ішкі түйсігім солай дейді,ол мені ешқашан алдаған емес.
-Элятай,қиналып кеттім,сөйлесейікші деп кімге күрсінемін енді? Бұлай тым ауыр қайғыға батқанымда дұрыс емес шығар,олар шүкір тірі жүр ғой,және олар әрқашан менің жадымда,санамда,жүрегімде,тек аз қиналсам оларды іздеймін,бауыр басып қалғанмын.Алла оларға әрқашан жар болсын мен оларды сондай жақсы көремін!