Менің қорқынышым мен үмітім немесе неке.кз сайты жайлы бір ауыз сөз

Менің қорқынышым мен үмітім немесе неке.кз сайты жайлы бір ауыз сөз
жеке
блог

Бір іс бастарда әр қашан қорқатыным бар...

Осы уақытқа шейін мен істеген нәрселер аз шығар. Өз мамандығымнан бастап интернет саласына қатысты мамандықтардың көбінде жұмыс жасап көрдім. Бір кездері өкінген кездерім болды. Қарап отырсам, сол кезде әр жасаған ісім бүгінгі күніме қажеті болып отыр...

Интернет төңірегінде жүрегеніме 6 жыл болыпты. Осы алты жылда тек блог жазып, өз ойымды айтып,  өз пікірімді жазып ортаға тастап келдім. Өзім білген нәрсені көрсеткім келді, үйреткім келді... Бір кісіге аздаған пайдам тисе қуандым, тасыдым, мақтандым... 

Бүгін, осы алты жылдың жиған-терген біліммен, тәжірбиемен сіздерге, өзіме қажет болады деген оймен Жанат Ахметовпен бірігіп Neke.kz сайтын ашып отырмыз. Сайттың мақсаты отбасын құру жолында жүрген жастар мен жаңадан отбасын құрған азаматтарға аздаған нұсқаулық болсын, жол сілтесін, бақытты болу мен бақытты отбасын құруда не істеуге болатынын көрсетсек деп едік. Жалпы "бұл ойға қайдан келдің" дерсіздер? ол жағын сайттан өздеріңіз байқарсыздар...


Білетініміз, бақылау жұмыстары көрсеткендей біздің жастарға осы тақырыптағы сайттың жетіспейтіндігі. Біз сіздер қойған кез келген сұрақтарға жауап беруге, сіздер білмеген істе көмек көрсетуге және қажетті мамандардан кеңес алып беруге тырысамыз...

Міне, менің қорқынышымда осы... Бастаған ісімізде табысқа жетсек екен, халық қалауынан шығып сіздерді мазалаған сұрақтарға жауап берсек екен деген ой... 

Бізді қолдайтындарыңызға сенімдіміз, себебі біздің сайт массагеттегі блогтан бастау алды, осы жерден "сайт ашайық" деген ойға келдік. Тақырыптық сайт жүргізгенімізбен де, біз массагеттің тұрақты оқырманы, тұрақты блоггері болып қала береміз. Біз сіздермен біргеміз!!!