"Менің қатарым"
блог
«Армансыз адам – қанатсыз құспен тең» дегендей, менің ойымша, доссыз адам да – сол құстың бір түрі. Дос деген – айналандағы, яғни өз қатарындағы адам. Адамның араласатын қатары – оның мінез-құлқына әсерін тигізбей қоймайды. Жақсы досын, сырласын, құрдасын өрге жетелесе, жаман досын өмірдің қара күйесін бетіне жағады. Ал менің қатарым қандай?!
Адам өз қатарын таңдамайды. Сенің қатарын – сенің айналан. Менің қатарымдағы әрбір демейін, көпшілігі - өмірден өз орнын тапқан, болашақта іске асырар арманы мен мақсаты бар, ашық мінезді болып келеді. Олармен әңгімелесіп, сырласудың өзі – үлкен ғанибет. Жақсы адамдармен араласа жүріп, өмірдің саған таныс емес қырларымен, сырларымен танысасын. Биік мақсаттарды алдына қойып, биікке, жақсыға ұмтыласын. Ой-өрісін, сөз саптауын, өмірге деген көзқарасын өзгереді. Менің қатарымдағы адамдардың, ауыздарына темекі алудан алыс, алкогольдік ішімдіктерге қарсы екендіктеріне қуаныштымын. Таңға дейін түңгі клубтарды паналамай, қолы қылт еткен кезде кітап оқуға тырысатын, бір жағдай болып қалғанда, өмірдің соқпағына қарсы сенімен бірге тұратын, сырынды ашық жеткізе алатын адамдардың менің қатарымда болуы – мен үшін үлкен бақыт!
Десекте, бұл өмірде мінсіз ештененің жоқтығы бәрімізге белгілі... Жақсы адамдармен қатар, айналанда тәрбиесі нашарлау, ой-өрісі кем, қазіргі заманға сай боламын деп, қыз бала екенін ұмытып, ашық-шашық киініп, шылым мен ішімдікті аузынан тастамайтын жандар да арамызда бар... Өз басым, мұндай адамдармен араласудан бұрын, амандасудан да аулақпын. Менің қатарымда, дәл осындай адамдардың бірең-сараң болғандарына қуаныштымын.
Адам өз қатарын таңдай алмаса да, жақсы мен жаманды ажырата біледі, яғни, әр адамның араласатын қатары – өзіне лайық адамдардан тұрады. Дегенмен, қоғамдағы заман талабына сай «бұзылған» адамдардың да өз қатары бар... «Тең – теңімен, тезек – қабымен» деген осы шығар...