Ау, ағайын, баршаңызға сәлем дедік!
Ақерке өліп қалған эстафетаға жан беріп, тірілтіпті қайтадан))) Назеркені жасырып еді, әйтеуір, ананы бір, мынаны бір айтып мен тауып қойдым. Сонымен, мен жасырайын.
Сүп-сүйкімді жан. Жаны да, реңі де, өзі де, көзі, сөзі де сұлу. Ел сүйсінерліктей. Әп-әдемі есімі бар. Халық әнімен аттас. Блогты өлтіріп тұрып жазады. Тақырыптары әр қилы болып келеді.
Кезек сіздерде, ағайын!