Менің жігітім кітап оқуы керек....

"Маған кітап оқитын жігіттер ұнайды" десем әйнегі қалың көзілдірікті, шашы ұйпа-тұйпа, үсті басы олақтау жігіт елестей ме, қалай))) Бір сөзбен айтқанда "ботаник". Жоқ,достар, менің ойым мүлде басқаша. "Кітап- баланы қайраткерге дейін тәрбиелейтін құрал"  дейді Қабдеш Жұмаділов. "Темірді тат басқаны секілді адам жанын тат басқанда ең керегі КІТАП" деген Шерхан Мұртаза. Түйгенім - кітап оқитын адамның түсінігі, ой-санасы, рухани әлемі өте бай келеді. Ондай адам патриот,нағыз қазақы, мейірімді, білімді, ақылды, сабырлы болады. Демек кітап оқитын жігіт болашақ балаларына жақсы тәрбие бере алады деген сөз. Кітап дегенде тек жақсы кітаптар жайлы сөз етіп отырмын.



Бөлісу: