Менің жемқор болғым келеді!

Менің жемқор болғым келеді!
жеке
блог

       Иә, бұл сөйлем «менің дәрігер, прокурор, құрылыс басшысы не болмаса, депутат болғым келеді» деген тіркеске ұқсайды.

        Қоғамның кейбір тұлғалары туралы бал жағылған улы мәлімет айтар болсаң, бұл әлемде сеннен асқан жақсы адам болмайды. Ақиқаттың аты ақиқат, оның да шығар күні туады. Мүмкін мақалам шыңбайыңызға батып кетер шындық туралы болар. Мені ұлтжанды азаматшаның шерлі ғасырдың шынайы суреткері деп қарастырғандарыңыз дұрыс-ақ!

         Осы жылдың басты тақырыбы болған «Кемерово» оқиғасындағы жәйтқа мән берейік. Ол әрине, қазалы жағдай. Бірақ, оның Қазақстандағы сауда орындарына деген көзқарастарды өзгертті. Қорытындысы да, көңіл қуантқызар жағдайда емес. Жарайды, апат айтып келмейді. Бірақ «олар өз құрылысындағы маңызды бөліктеріне сенімді болмаса, неге тексеріс жүргізеді» деген ой келген болатын. Міне, қорытындысы дәлел болды. Осыдан-ақ болашақ жастар құрылыс басшысы, не болмаса сауда орталығының басшысы болғысы келеді. Жасанды жолмен жасалған ағынды ақша кімге керек емес, айтыңызшы?

        Өз басым жайдарман көргенді ұнатамын. Себебі, кейбір топтар қоғамдағы оқиғаны астарлап тұрып, ой сала алады. Сондай бір топтың, ақиқатқа жақын әзілі болған. Шарик есімді күшік қартайып, иесіне келеді де «Менің кетер күнім жақын мені дұрыс жерге жерле, әйтпесе кейбір шариктер секілді ұмытылып кетерміз» деген екен. Қазіргі таңда ЭКСПО-дағы шарикдің қал-жағдайы қалай екен?  Иә, далаға аққан ақша ... Мүмкін, ол қаржы жағдайы төмен отбасының жылдық азығы, алыс ауылдардағы аурухана мен мектеп немесе жол азабының шешімі бола алар ма?

        Қазақта «Еңбегіне қарай өнбегі» дейді. Еңбегіне қарамай-ақ жолда жүріп, жылы орынға жайғасқандар қаншама? Қатты жылдамдық, ережені дұрыс сақтамағандығы, адам өлімі. Бұл жағдайға кім кінәлі? Жүргізуші ме? Ал, оны қадағалайтын қызметкер қайда қарады? Жазаға кімнің тартылғандығы әділеттілікке жатады?

        Бұл жолға түсудегі басты қасиеттер мансапқорлық, дүниеқоңыздық, өзімшілдік. Ақшаның буы уақытша әлсіз дүние. Келеді, кетеді. Бір күні бар, ертесіне жоқ дүние. Қазақта «Ел болам десең, еліктеме» деген екен. Болашақ жастар қолында. Егер жас буын болашағын сондай жол тораптарына еліктеу арқылы түсетін болса, сондай өмір қалайтын болса, «Алаш» болып күресудің, «Жеке мемлекет» болумыздың не керегі бар еді. Олай болса, басқа ел жаулап-ақ алады. Әр заманның күресуші «елім дейтін ерлері» болады. Үкілі үміттің тұтқасы солардың қолында.

        Анасы дүкенге жіберсе, өйтіп-бүйтіп заттардың бағасын түсіріп, сағыз  болмаса сусын алатын бала, болашақта жемқор бола алмайды деп ойлайсыз ба? Баланы кіші кезінен неге үйретсеңіз, болашақта сондай адам болып өседі. Қанға сіңірілген қабілет жоғалмайды. Егер баланың бойында ата-әжесінен, әке-анасынан сіңірілетін ел жандылық, жанашырлық, адалдық қасиеттері болса, жарқын болашақ сенімді қолда екендігі анық.

         Мақала барысында көптеген оқиғаларды желеу еттім. Бәрінің де тоғысар бір аялдамасы – жемқорлық ұғымы. Атам әрқашан осы жемқор тектестер болмағанда, еліміз 30 елдің емес, 10 дамыған мемлекеттің бірі болар еді, деп айтып отырады. Иә, ең бірінші болашақ біздің қолымызда, ал екіншіден біз дүниеге әкелеуші ұрпақтың кезегіне ауыспақ. Сол себепті басты күресті өзіңізбен және болашақ ұрпақтың дұрыс тәрбиесіне көңіл бөлгендеріңіз дұрыс іс болар еді! Мендік ойлар осы.