Менің бұл өмірде жіберіп алған мүмкіндіктіктерім көп деп айта алмаймын. Себебі менің өмірім алда әлі талай мүмкіндіктер келетініне күмәнім жоқ. Дегенмен де өткен шағымда әттеген-ай дейтін бір кезім болған. Әрине бәрі өтті, кетті ғой. Өкінудің еш пайдасы жоқ. Бұл жіберіп алған мүмкіндігім тіпті біреуге күлкілі де болар.
Шамамен алтыншы сынып оқитын кездерім болса керек. Сол кездерде Назарбаев зияткерлік мектебі енді ашылып, еліміздің білімді оқушыларын іріктеу жұмыстарын жүргізуде еді. Анам маған біліміңді сынап көрсеңші, бәлкім емтиханнан өтіп сол мектепке түсіп кетерсің деген еді. Неге екені белгісіз бала болдым ба, оқып жүрген мектебімді, достарымды қимадым ба білмеймін әйтеуір емтихан тапсырудан бас тартып өз мектебімнен ешқайда ауыспаймын деген болатынмын.
Қазір ойланып қарасам сол кезде емтихан тапсырғанымда бәлкім мектепке түсіп кетер ме едім. Бұл жіберіп алған мүмкіндігім үшін әрине қатты қапаланбаймын. Қарапайым мектепте оқып жүріп те үлкен жетістіктерге жетіп жұлдызы жанғандар да бар емес пе. Дегенмен де барлығымызға өмір атты мектептегі мүмкіндіктерді жіберіп алмауды жазсын.
Міне менің есте қаларлықтай жіберген мүмкіндігім.