Таңертенгі ұйқыңыздан сергек болып ояна аласыз ба? Таңғы көңіл-күй қалай болса, күні бойы сол эмоциямен жүресіз дейдігой. Сенбеймін) Себебі, өз басым, менің көңіл күйіме таңғы жағдайдың еш қандай қатысы жоқ сияқты болып көрінеді. Бұл тақырыпты жазып отырғанымның себебі, оқытушымыз "Идеалды бір күнім" атты тақырыпта жазуға беріп еді. Ондағы мақсатымыз күнделікті іске асыру керек дейтін нәрселерімізді ұмытып немесе шаршап келесі күнге қалдыратынымыз көбіміздің басымыздағы жағдай.Міне осындай артта қалған мәселелерді қағаз бетіне түсіріп, бір күнге жоспар құрып оны іске асыру еді.
Осы себепті әдеттегідей емес идеалды күн болғандықтан ұйқыға ерте жаттым. Таңертен сағат 8:00де қоңырау сылдырымен ұйқыдан оянып, тісімді тазартып, аяқ қолымды бір жазып жаттығу істеп алдым. Одан кейін екі стакан су ішіп артынша таңғы асқа отырдым. Сағат 14:00ге дейін университет қабырғасында болдым. Сағат 15:00 де театр қойылымына дайындық өткіздік. Ән айттық, биледік, қойылым көрсеттік. Осылайша біраз эмоциямызды сыртқа шығарып алдық. Сағат 18:30да жатақханаға келдім. Келе сала беті қолымды жуып дастархан басына жайғастық. Бөлмедегі қыздармен кешкі ас ішіп, бүгінгі күніміздің қалай өткені туралы шер тартыстық. Кешкі астан кейін, келесі күннің сабағын орындауға көштім. Менің бір күнім осылай зымырып өтіп кетті, әрине ол ешқандай маңызы жоқ жәй бір күн еді. Алайда ол күнді енді кері айналдыра алмайтыным хақ. Кейде "ой өміріміз сұрықсыз болып кетті, бір күнім бір күнімнің көшірмесі, шаршап кеттім"
деп жатамыз. Бірақ, уайымсыз өткен сол бір жәй күнімізге де шүкіршілік етейік.