Менің ханзадам!)

Менің ханзадам!)
жеке
блог

Осыдан 3 жыл бұрын дүниеге інім келді) 10 жыл бойы үйде кішкентай сәби болмағандықтан ба, әлде есейгеннен бе бәріміз шыр айналып кішкентай ханзаданың қасынан шықпаушы ек) Қазір де солай) Ол біздің үйдің «ханы» десем артық болмас) Айтқанын істеп, көңілін қалдырмауға тырысамыз. Бірақ кейде жыныма тиген кезде айқайлап алатынымды жасырмаймын.

Оның ермегі теледидар қарау. Никелодион, картун нетуорк деген каналдардың тұп-тұрақты көрермені) Оны басқасына ауыстырсақ үшінші дүниежүзілік соғыс басталады) «Апатай, қазір не болады, қарап берш!» деген кезде ауылда атамның бағдарламалар кестесін беріп оқытатыны есіме түсіп, еріксіз күлемін. Әр қылығы, әр сөзі тәтті. «Апатайлап» келгенде барлық ісімді тастап кетемін. Кейіпкерлердің атын, жасын, ол не істейді, қандай сөздер айтады бәрін біледі. Сосын келіп менен сұрайды. Бен10 деген бәлееее. Өзіне үлкен футболка бар, бен10 ғой деп тастама киеді. Сол туралы сұрай береді. Жауабын дұрыс айтпасам ренжиді. «Апатай, жаңа жылға Аяз Атаға айтшы маған бен10 ультиматиксітің жанатынын әкелсін деп») Дүкендерден сұрағанда маған қарағандарын көрсеңіздер!) Балапан арнасын қарайықшы десем, келіспейді. Соған кейде шынымен көңілім түседі. Неге қызықпайды?! Қарап отырған шет елдің шошқаларынан жақсы ғой! Мүмкін есейгесін қарар, бірақ баланы жастан емес пе?!

Кеше ойыншығын жината алмай әбден ұрысып едім. Жинап отрып маған: «Мені жылатпа, сен жаман апатайсың! Давлением көтеріледі ғой менің, жылатпа!!!» демесі бар ма))) Ұрысып тұрғанымды ұмытып шегім қатқанша күлдім) Кішкентайында ауырып еді давление дегенмен сол есінде қалған босла керек!) Енді менен агетке кіретін телефон алып беруді сұрайды!) Алилямен сөйлесем дейді) Алилясы - үшінші сыныпта оқитын көрші Алия) Ой балалық, балалық. Қанда тәтті кездер. Еш уайым жоқ. Бар проблемасы ойыншық жинау!))) Кезінде тезірек мектепке барсам дейтұғым) Қазір қайтып келе ғой, шіркін!)