Еххх, менің жазба жазбағаныма біраз бопты...Бірақ, күніне бір рет болса да кіріп кетем ғой))) Бірінші семестрім ештеңе емес екен, мына семестр сабақ басталмай жатып шаршаааап кеттім. (ЗКТ, стэндап, монтаж, камера, студия деген сөздер жынымааааа тиед)
Ал, кішкене демалысымда мен түсірген суреттерді көрсетіп жіверейн:)
Қай сабақ екені есімде емес, бірақ қааатты еріккенім есімде)
Мынау қала шетінде, кешке қарай, жазда:
Бұл менің жаңа жылдық сыйлығым! Жеребемен бір-бірімізге сыйлық бердік. Жазылып тұрған өлең:
"Көңіліңнің жайдарлығын білемін,
Тек бір Алла болсын әркез тірегің.
Құтты болсын жаңа жылың, Ақжелең!
Орындалсын қалаған бар тілегің" :))))
Жаңа жылдағы асханаааа! Бізде ресми тіл қадірлі! >_<
Менің бейшара телефоным:)
Асханадағы құмыра!
Ал мынаусын сындырывалдым:)
Сол құмыраның қасында тұрған тұз бен бұрышты көріңіздер ма? Воот, олар жаай тұр. Жай тұрмай маған қызмет істесін деп мен пайдаландым, соның нәтижесі міне (картинаның аты: Ащы сезім хД):
Менің группаласым, старостамыз - Марат))) Ол мені, мен оны түсірдім:)
Ең соңғы сурет. Журналистке ең қажетті заттар) Блокнот, қалам, микрофон, камера, петличка:
Осымен болды, пікірлеңіздер:)