Менің формулам

Менің формулам
жеке
блог

 


О,менің күнәсіз періштем жаны ізгі,

Мөп- мөлдір шығындай тамыздың.

Менің сені ұнататыным ақиқат

Аксиома тәрізді.

 

О,мендік жүректің тұрғыны қызықтар,

Көгімді тілгілеп,көлімде жүзіп қал.

Екеуміз екіұдай жандармыз

Түйіспес, айқасқан сызықтар.

 

О,менің шешілмес жұмбағым үңілген.

Жүрегім қолымда жолыңа жүгіргем.

Келіссең “1”  болып қалайық,

Шықса да өзгермес түбірден.

 

О,менің қымбаттым, білер ме бағаңды ел?

Көңілсіз күй кешсең маған кел.

Ақыры белгісіз алысқа аттандық,

Реліс секілді параллель.

 

О,менің ең соңғы үмітім ұшырар,

Түндерде жататын құшып әр.

О,мендік сағыныш ғаламат

Атомдық күші бар.

 

О,менің сәбидей сезімім жол қуған,

Сағыныш үшін де бол құрбан.

О,менің бар жоғы белгісіз ғашығым,

О,менің жауапсыз формулам!!!