Менің есімім...

Менің есімім...
жеке
блог

Қазақтың ырымдары, салт-дәстүрлері өте көп. Солардың негізгілерінің бірі ол сәби дүниеге келгенде есімін қою. Есіміне қарай оның тағдыры байланысты болады дейді. Мұның анығына жеткен адам жоқ шығар. Алайда ырымшылдыққа баласақ солай болары хақ. Біздің қазақ халқында көбіне араб есімдері, парсы есімдерін қою дендеп кетті. Олардың атына қарап қандай мағына беретінін бір айтқаннан ұға білмейміз. Өз жақындарымнан мысал келтірер болсам екі жеңгем босанды. Қойған есімдері Ануддин және Анель болды. Түпкі мағынасы терең дейді, қандай мағына беретінін дәл қазір ұмытып отырмын. Қысқасы, қазіргі тілмен айтқанда «модный» есімдер. Менің бір танысым болатын. Оның есімі Әдемі. Қазіргі агент дейтінге тізіп жазып қоямыз ғой есімдерімізді. Сол жерге танысым «Адема» депті. Достарының бәрі солай атайтын көрінеді. Тіпті, төлқұжатына да солай жаздырмақшы екенін маған айтқан болатын. Оның айтуынша «Адема» деп айтқан көрікті естіледі екен.

      Негізі «Массагеттіктермен» толықтай таныспақ ниетте өз есімім жайлы айтпақ болғанмын. Өздерініңіз білетіндей есімім Ұлжан. Қазақтың есімі. Менің есімім аталысымен-ақ менің сырымды ашылып қояды. Көбісі «енді отбасыларыңда ұл бар ма?» деп тікесінен көшеді, не болмаса «нешіншісінің үйіннің?» дейді. Сондай-ақ алғашқы танысуларда кім болмасын алдымен есімімді «Тоғжан» дейді, содан кейін «Гүлжан» боламын, ақыр соңында Ұлжан екенімді біліп, кешірім сұрап жатады. Анық естілетін әдемі есім неге қоймағансың деп анама ренжитінмін бұрын. Жалпы «Ұ» дыбысы қысаң әрі жуан дыбыс болғандықтан естілуі анық шықпайтын көрінеді шамасы. Достар арасында да танымал «кличкам» болған емес. Алайда, студент болғалы құрбы қыздар тауып берді ғой.

   Жалпы көп жағдайда бұл есім ырыммен, отбасында ұл болсын деген ниетпен қойылады. Менде де сондай ырыммен қойылған. Ең бастысы,менің айтпағым, азан шақырып қойған есімдеріңізді өзгертіп, қысылудың қажеті жоқ. Өз есіміңіз жеке басыңызға бақыт әкелетініне сеніңіз. Мен де сондай сеніммен өмір белесіндеғі журналистік жолда жүрген жайым бар.