Менің ертеңім
Үлкен адам болу үшін ғаламда,
Үлкен арман керек екен адамға.
Мұхтар Шаханов
Ұяда не көрсең,ұшқанда соны ілесін-дейді,дана халқымыз.
Әрбір дүниеге келген адам баласы ата-анасының құшағында еркелеп,ата-анасының құшағынан тәлім-тәрбие алып өседі. Осыдан бастап адамның өмірге деген жарқын көзқарасы пайда болады. Уақыт өте келе оның – өзіндік алға қойған арманы,мақсат –мүдесі қалыптасады. Сонын әсерінен ол,жақсы өмір сүруге,аянбай еңбек етуге талпынып,адамдармен және қоғаммен тығыз байланысқа ұшырасады.
Осы тұста әркім әртүрлі еңбек етеді. Кейбіреулер бірден биікке ұмтылғысы келіп,қолда барына қанағат етпейді. Нәтижесінде ондай жандардың басым көпшілігі өмір жолында шалыш басып,қиын жағдайларға душар болып жатады.
Ал енді біреулердің,қолында барға қанғат етіп,жаны сүйетін ісімен машықтанғанын көргенде,өзінде керемет әсерге бөленесін. Есесіне олар өздері көздеген мақсаттарына еш қиындықсыз жете алады. Сондықтан олардың қағанағы қарқ,төрт құбыласы түгел. Көптеген жандар,дәл осындай қанағатшыл адамдардың өмірінен үлгі алып,өздерінің де өмірсүру үдерісін сол бағытқа бұрады. Ал жастарды ең бірінші қызықтыратын оның алдағы өмірі. Оқуы,дипломы,жұмысы,отбасы,шығармашылығы,қоғамға не бере алатыны жөніндегі белсенділігі. Айқын ашып тоқтала кетсек,сол жастардың ішінде мен де бармын.
Менің де- өз арманым ,алға қойған өз мақсат-мүдем,және сол мақсатқа жету жолындағы өшпейтін,өлмейтін үмітім бар.
Мысалы; менің,мектеп қабырғасында жүрген күннен бастап әдебиетте деген,қызығушылығым артты. Ал оған қызығушылығымды арттырған әрине ұстазым, З. Жәрдемқызы еді. Кейін жылдар өте келе,ақыры мектеппен де қоштастым. Бозбалаң шаққа қадам басқан өмір жолында ең әуелі өзіме үлкен сенім артып,өз алдыма үлкен арман қойдым. Сондағы арманым тілге,қара сөзге деген қабілетімді осы қалпында мұқалтпай,оны одан әрі шындау және өзімде қоғамның белсенді азаматы тұрғысында өз жолымды қалыптастыру еді. Жылдар өте оқуға да түстім.
Әрине көпті көре қоймаған дала баласы үшін,қалаға келу, ол Алматыдай алып шаһар болса,оның ішінде жоғарғы оқу орнына,ол әрине Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті болса,осындай киелі де,қасиетті шаңыраққа оқуға түсу деген сөз-ауыл баласының, қолы жетпейтін армандарының бірі десем артық айтпас ем. Осы кезде адам бойында қуаныштан шабыт пайда болып,бәрі де –оқуға,білуге талпынады,солардың ішінде мен де бармын. Мен де өзім білмеген таңғажайыптарды білсем деген оймен,көптеген өнер адамдарының шығармаларымен сусындадым,олардың өмірін өзіме үлгі еттім. Кейде тіпті өзімше ой қалыптастырып,өлең де жаза бастадым. Жазған сайын өлеңге деген құштарлығым одан әрі артты. Тіпті көп ұзамай-ақ өз өлеңімді жазудағы қателігімді өзім де түзей бастадым. Соның арқасында өзіндік стиль қалыптастырдым.
Ал қазіргі таңда көңілімді жиі бөлетіні,ол әрине болашақта мен кім болам,менің ертеңім не болады деген түйінді ойлар . Кейде осы мамандық жетегінде білім ала жүргенде журналист болғым келеді. Ал кейде сахнаға шығып,емін-еркін өз ойымды ашық айта алатын сезімшіл театр актері болғым келеді. Кейде екеуінде тастап,қаланың сұрқай тірлігінен қашып,ауылға барып мал баққым келеді. Кейде ата-анамды қуанышқа бөлентетін олардың ардақты ұлы болғым келеді. Ойлай берсең,ой да,арман да көп. Ал олардың қайсысы жүзегі асады,ол әрине уақыттың еншісінде. Сондықтан менің қазіргі ойым ертеңімнен күдер үзбеу. Алға жылжу,саналы адамдардың санатына ену,өз шығармашылығымды шыңдау.
Міне,осындай мақсатты көздеу жолында ғана,мен өз арманымна қол жеткізе алам деп дөп басып айта айталам.
Досжан Нұрболат