Менің досым қиял!
жеке
блог
блог
Менің досым қиял!
Үйде зерігіп кеткесін түс ауа досымның үйіне шықтым.Үйі ауыл шетінде болғасын ашулы аяздың соққысына жығылып келемін.Біздің үйден əлдеқайда алыстау.Соның əсерінен досымды іштей боқтап алдым."Үйді ауыл шетіне салғандары несі,біз жақа салмай ма екен"- дедім іштей.Қарс-құрс етіп сықырлаған аяғымның дыбысы башпайларымның жамырай шыңғырған дауысы іспетті.Маған шағымдарын айтып жатқандай сезіледі.Қайтсін енді,суыққа əбден тоңып барады.Екі бетім қызарып,қасым мен кірпігімді,бала мұртымды қырау шалып,жүзіме шыңылтыр аяз дегенін істеп жатыр.
Мен досымның ауласына кіріп келгенде ол қора жақта күшігімен күңкілдесіп отыр екен.Қолында бір қағазы мен қаламсабы бар.Мынау есінен адасайын деген бе деген ойды сүзіп алдым.Сон соң жанына барып ем,байлаулы тұрған күшікке сұрақтарды қойып жатыр.Мені байқамайды да.Бар зейіні күшікте.Сонша суықтан тоңып келгенде ит құрлы қадірім болмады ма деп күйініп кеттім.
-Жарқын сенің мұның не?-деп ем,маған қарады да:
-О,Жандос қалайсың ?-деп қолын созып кеудесіне қалай тартты.Төс қағыстыра амандасып жатып:
-Жақсы ғой,-дедім.
-Əə дəйім жақсы болсын,-деді де əлгі күшігі жанына қайта отыра кетті.Мен де жанына отырдым.Күшігіне бір қарайды да əлденелерді қағазға түртіп қояды.
-Мұнысы несі дедім,-іштей.Одан соң:
-Жарқын сенде бəрі дұрыс па ?-дедім шыдай алмай.
Екі көзін күшіктен алмай жатып:
-Иə,иə жақсы ғой,-деп қысқа қайырды.Ашуым келе бастады.
-Немене бұл күшік алтын жұтып қойып,артын аңдып отсың ба?-деп ем,ішек-сілесі қата күлді.Одан əріге зығырданым келді.Соны байқады ма білмедім,күлкісін лезде жиып,маған екі көзін бұрды да:
-Досым сен түсінесің бе?-деп эмоциға кіріп кетіпті.
-Нені?-дедім.
-Бұл күшікпен психологиялық жұмыс жүргізіп жатырмын!-дейді.
-Əй жарты бас ай,əй жарты бас ай!
Күлкімді əзер дегенде тежеп,өз-өзіме келгендей болдым.
- Шынымен айтшы?-дедім күлкімді тағы тия алмай жатып.
- Шын сөзім.Алдын күні жаңа жылдық от шашу кезінде қатты қорқып қалыпты.Міне,содан бері бұл күшікпен арнайы жұмыс жүргізіп жүрмін.
-Ой досым сенде қатырады екенсің.Хайуан ғой.Ертең-ақ шəуілдеп тұрады,-деп ем,Жарқынның қабағы жиырыла кетті.
- Бұл əлі де күшік.Түсінемісің?Дəл қазір "переходный возрастта" жүрген күшік.Бұл күшікке психологиялық көмек керек.Бұл күшікте"Жаңафобия".
-Онысы несі тағы?-деп көзімді бақырайттым.
-Жаңа жылдан қорқады.Соған орай сондай кеселге душар болған.Жəне де болашақта ит жегіштерден қорқып қалмас үшін бойына сенімділік қағидасын енгізіп жатырмын.
-Əй сенде қатырасың-ау!
-Досым,сенбесең өзің қарашы ə?Екі көзіне қарағын.Əлі де қорқыныш пен үрей байқалады.Қазір адамдар қатыгез болып барады.Жаңа жыл түні сонша от шашу атты ғой.
-Оның қатыгездікке қатысы не?
-Өй,сен қызықсың осы!От шашудан ит біткен қорқады.Дəл ит жылында иттерді əбден шошытты.
-Ееее солай де.
-Солай!Нансаң да нанбасаң да көресің мен оқу бітіре салып жан жануарлардың психологі боламын
-Не дейді?Ондай мамандық бар ма еді ?
-Əлемді білмедім.Бірақ біздің елде жоқ.Соның іргетасын өзім қаламақпын.Өзің айналаңа көз жіберіп қарашы ə ?Қай жерде болсын жануарлардың құқылары тапталуда.Адамдардан жəбір көруде.Міне,сондай жануарларға психологиялық көмек керек.
-Сен де қатырады екенсің!-дедім күліп.
-Өй Жандос сен қара,мені тыңда!
-Мысалы,анау тұрған көк құнажынды көрдің бе ?
-Иə.
-Міне сол құнажынға өте үлкен көмек керек.
-Қумашы ə ?
-Ол құнажын қазір стресске түсіп кеткен.
-Тоқташы,тоқташы қандай стресс ол сиырда?Жануарда тек түйсік болады.Нəпсі болады.
-Тук!Не деген түсінбейтін адамсың,-деді Жарқын күйіне.
-Нені түсінбейді екенмін?
-Ол сиырдың алдын күні анасын сатып жібердік.
Жəне өзі буаз!
-Сөйтсе?
-Міне,содан бері көңіл-күйі жоқ.Уайым мен қайғыны жалау қылған.Оның үстіне алғашқы тумасы болайын деп отыр.Өткенді қалай ұмытады?Осы тұңғышын қалай туады?Тəжірибе бар ма?Толғағы қалай келеді?Осы сұрақтар бойынша жұмыс істеймін.
-Сен картопты жардың ғой,Жарқын!-деп күліп жібердім.Бұл ісім Жарқынның жүзіне жабырқау алып келді.Бұртиған қалпы жанымнан кетіп қалды.
Шынымен-ақ бұған не болған дедім.Басын төмен салбыратып бара жатқан Жарқынға:
-Тоқташы,-деп айқайладым.Кілт тоқтап қалды.Одан соң мен жанына таяй бергенімде,жынды адамша қора ішіне жүгіріп кіріп кетті.Сұмдық-ай,-дедім.
Ағаш есікті қора ішіне кірсем,Жарқын бордақыланып тұрған байталдың жанында тұр екен.Күбірлеп əлденелерді айтып жатыр.Тағы да жанына таяу келдім.
-Ал,бұған не болыпты?-дедім
-Əкем мұны байлап жатыр.Шамасы осы жексенбі сатылымға шығарады.Соған орай бұл байталмен кешеден бері психологиялық жұмыс жүргізіп жатырмын.
-Сені түсінбейді ғой бəрібір,-дедім ренішімді білдіре.
Ренішімді елеп тұрған Жарқын жоқ.Бар ойы байталда.Жаңа жерге барады.Адаптация қалай жүреді.Жаңа иелері не істемек?Бəріне дайын қылып сатумыз керек деді.Мен арыға қазбаламадым.
Екеуміз сырт жақа шыққанда Жарқынға:
-Осы сен өмірге қай көзбен қарайсың ?- дедім.
Оң қолымен сол көзін жауып жатып,-міне былай қараймын,-деді.Тағы да жымидым.Одан соң қиял екенсің дедім бетіне күле қарап.Ол да күлді.
-Саған философиялық көмек керек шығар,-десем,ашуға булығып кетті.Үстіне төкпелей:
-Сен қиялсың!-дедім.
Ол күліп қояды.Негізі шынымен-ақ мен қиялмын ба деп жүрсем,досым мененде өткен қиял екен.
-Қане,үйге кірейік,-деді.
-Ооо тоңып тұр ем,-деп ем.
-Үйдегі мысық жазылып қойып еді.Шамасы жалғыздық дертіне тап болған болуы керек.Сол кісіге жəрдем берейік.
Мен тағы да күліп жібердім.Əй қиял досым-ай.Аман болшы.