Менің бірінші курстағы махаббатым... (кезексөз)

Менің бірінші курстағы махаббатым... (кезексөз)
жеке
блог

Кезексөз жазам деп барлық сырымды ашып тастайтын болдым-ау, ә )) Бірінші курста айтарлықтай махаббат болмағандықтан, студенттік кезімдегі ең ерекше махаббатым туралы айтсам болатын шығар?

Блогқа керегі де шынайылық емес пе, ендеше неден тартынам? Ақтарылайын... 

Ол керемет еді. Сол кезде. Қазір ойлап отырсам, көп пенденің бірі ғана екен. Не таптым одан?!.

Кездейсоқ таныстық. Кездейсоқ қолұстастық. Бәрі тез әрі кездейсоқ болды. Көзімді жұмып тұрып, ашып қалғанда мүлде басқа әлемге тап болғандай, нағыз махаббаттың не екенін ұққандай болдым. Қуандым, жыладым, күйіндім, өкіндім, шаттандым... Иә, иә, жыладым! Махаббат үшін жыладым... 

Мөлдір махаббаттың осынша қатыгез бола алатыны үшін жыладым.

Бірақ, мықты екенмін. Өзім ойлағаннан әлдеқайда мықты екенмін. Мені мықты қылған - осы бір баянсыз, қасіретті махаббатым шығар?!

Махаббатымды жоғалтқан күні өмір сүргім келмеді. Жылай-жылай жанарымның жасы түгесіліп, одан әрі қарайғы өмірімнің мәні жоқ деп ойладым. Не үшін өмір сүрем?! дедім. 

Жо-жоқ, аямаңыз мені... Мен сол кезде ақымақ болыппын. Нағыз ақымақтың өзі болыппын. Махаббат көзімді де, көкірегімді де соқыр қылыпты. 

Бір-бірімізге лайық емес ек... Бір-біріміз үшін жаралмаған ек...

Кетердегі соңғы сөзі: "Мен саған әлі ораламын" болды. Оралды да. Бірақ, көңілі шынайы болмаған соң, мені аяған соң, келіп тұрғандықтан, қайрыла алмадым. 

Бәрібір сезетін. Сүйетінімді...

"Мені сүймейтін болсаң, сүймеймін деші ал" дейтін. Ойнайтын. Сезіммен ойнайтын. Ох, оңбаған...  

Қазір бәрі басқаша. Ол сезім сол күзде қалған. Сол бір жылауық күздің қойнауында мәңгіге қалған. Өшкен. Жоқ болған... 

Оған деген сезімімді, ол туралы айтып құрбыларымның құлақ еттерін жейтін кездерімді жымиып қана сағынышпен еске аламын. 

Кезексөз таяқшасын Санияға берейін ))