Өзімді студент болдым деп санамаймын, шошып кетпеңіз универде оқығам :).
Алматымен бірге политехты да жек көріп өттім студент кезімде. Алматыны мамамдардан, ауылымнан алыстатқаны үшін ұнатпағам, бейне балалығымды ұрлап алғандай болатында тұратын... Ал политехты білмейм, қалап түскенмін бірақ бірінші күннен махаббатым су сепкендей басылды. Политехқа жалпы корпусы ұнағаны үшін түскенмін, сонан кейін менде бір ой болды "тек КазГУ" емес "техникалық" мамандық оқимын деген қатып қалған стреотипім болды...
Сонымен, оқу басталды...
3- қыркүйек.... Мен оны старосталар жиналысында көріп қалдым... Ол орта бойлы, көзі әдемі қаралау келген жігіт еді... Көп сөйлемей байыпты тыңдап, өзіне тікелей сөз бергенде ғана сөз сөйлеп отырды... 3- курстың студенті екенін және атының Ернар екенін білдім...
Деканатқа жиі барып, старосталар жиналысынан қалмауға тырыстым... Олар мен сабағымыз среда күні 2- пар қарама-қарсы аудиторияда болатын... Ол күні сәнденіп, ерекше көңілді болып жүретінмін. Оған тік қарауға батылым бармаса да сұлбасын көргенге мәз едім....
Екі айдай осылай өзіммен алысып жүрдім, бір күні бір құрбыма айттым. Ол "ой, оның қызы бар ғой, политехтағы ең әдемі қыз екен" деді. Сұлқ түстім, үйге жылап келдім... Мойымадым, бәрібір ұнатып жүрдім оның әр ізін аңдып...
Бір күні құрбым группадағы ең сыпылдақ бір қызға "оның" маған ұнайтынын айтып қойыпты. Ұят-ай, ана сыпылдақ группаласым олмен жақсы араласады екен... Бәрін айтып үлгеріпті... Ұялғаным-ай, құрбыма жыладым... Жаман қорланғандай болдым... Осы уақытқа шейін жігіттердің артынан ұнатам деп айтпаған маған ауыр тиді...
"Ол" маған сыпылдақтан салем айтып жіберіпті: "кешір, менің сүйгенім бар, бірақ қорықпа сен басқа сүйікті жаныңды тауып бақытты боп кетесің" деп.
Сыпылдаққа әбден ұрыстым, "-саған кім айт, деді. мен оған сезімімді білдірмек түгілі ештеме айтқан жоқпын" деп...
Оған өзім барып, шақырып алдым да: "Сыпылдақ саған өтірік айтады, менің ешқандай сезімім болған емес. Алаңдама, сен менің вкусымда емессің" дедім де кетіп қалдым. Бетім қып-қызыл... Үйге шейін тағы жылап келдім... Сонымен махаббатым да өшті...
Оны көрмеу үшін старосталықты өткізіп бердім, старосталықты қалап жүрген "сыпылдақтың" құрбысына... Кейін оны байқамайтында болдым...