"Менің бірінші курстағы махаббатым!!!"

"Менің бірінші курстағы махаббатым!!!"
жеке
блог

"Менің бірінші курстағы махаббатым" атты эстафета басталып, Кәусар мұң оны Ардақ Құлтайға жалғастыруға беріпті. Ал оның жазатын түрі жоқ. Жарайды, мен жаза салайын... Жазғым келіп отырғаны 1 курстағы мәххәбббәт!

Көңілдегі көрікті ой осындайда бір шықсайшы! Шығуын шықса да, ол қазір мына жазбаны көріп қойып өзіне көп алып жүрсе неғылам! Қой, бұлай болмас. Мен тек кейбір белгілерін жазып, тізіп шығайын...

- Ол менің ең жақын құрбым болды.

- Мен оны сүйдім бе, жоқ па, әлде бауыр бастым ба, білмеймін. Әйтеуір нетіп, нетіп болғанда көргім келеді де тұратын.

- Ол сызылтын ән салғанда ойыбоооой, бір шалқып қалушы едім-ай...

- «Саған арнаймын» деп қоятын анда-санда...

- Балалығы басылмаған біреу ғой, әйтпесе «Жігіттер» квартетіндегі Бағланды жақсы көрем демес еді ғой...

- Кейде өзіне жараспайтын, шолтитып киіп алғанына қарап: «уау, мынау неткен сұлу-ей!» деп қағытатынмын.

- Түсіме көп кіретін. Қандай жағдайда кіретінін айтпай-ақ қойсам бола ма...

- Көп жылап, тез ренжіп, оңай күле салатын...

- Кейде бәрімізден де ақылды (білімді демесем де) болып көрінетін...

- Ешкі ғой, ешкі! - Ерке тұғын...

- Ал менің ойым аласапыран күйде арпалысушы еді-ай...

- Өзімді өзім алдайтынмын... ол менің теңім деп...

- Сол алданғаныма өзім тағы ризамын...

- Ол жақсы әйел бола алмайды деп ойлайды екенмін о кезде...

- Кейін де солай ойлаймын ал! :)

- Жұлдыз ауруына шалдықты деп біреулер көп айтатын ол туралы, қайдам...

- Пендешілігі өте көп, бірақ маған жетпейтін...

- Тәтті еді қылықтары...

- Қазір де тәтті шығар, кім білсін...

- Общым осылай ғана...

ЭСТАФЕТА ТАЯҚШАСЫН АВАТАРЫНА МЕЙРАМБЕКТІҢ ТОҢЫП, АСТАНАДА БЕТІН ОРАМАЛМЕН ЖАУЫП ТҰРҒАН СУРЕТІН ҚОЙҒАН САЛТАНАТҚА БЕРЕМІН! :)