Менің болашақ жарым

Менің болашақ жарым

    Өмірде  мамандық пен жар таңдаудан қателеспеу ер бала үшін маңызды. Мына бес күндік жалғанда аяулы жарыңмен бірге қызықты күн  кешкенге не жетсін.  Осындай ізгі армандардың бірі менің де мақсатым. Өмірлік серігім деп бас қосқан жолдасым мені сыйлап, артық-кемді мінезімді түсініп, кешірімді болса – бұл кішірейгендік емес, әдептілік, білімділік, кісілік. Себебі, ерлі-зайыптылар – бір бүтін. Жан-жарыңды сыйлағаның - өзіңді сыйлағаның, тату отбасының жолдас-жораларының арасында беделі жоғары, құрдастарына  сыйлы болады. Жанымды жаралап, көңілді қалдыратын мінезден аулақ болса деймін болашақ келіншегім.  Ең бастысы жүрегінде иманы бар,түсінігі мол жан болса жетіп жатыр, ал келбетіне келетін болсақ бойы орташа , шашы ұзын, әдемі... Ал рухани жағы бай, иманды, оқыған адам болғанын қалаймын. Бірақ соңғы кездері мұндай қыздар азайып бара жатыр.

«Сәлеметсіздер» деп сәлем берсе,

мұсылмандығы ісінен дәлелденсе.

 шөлдеп келсем ақ шәйін құйып тұрса,

 намазға менімен бірге ұйып тұрса

Міне менің болашақ жарым туралы қысқаша ойым осындай. Әрине, әр адамның ойы, талғамы бөлек болады демекші махаббат кездейсоқтықтың қанжығасына  бөктеуге қимайтындай асылың.  Осы жолда өмірлік жар махаббаттан бастау алатынын да ұмытпайық!  Бәрімізге асыл жар, аяулы ана, инабатты келін бұйыртсын...



Бөлісу: