Менің баспасөз беттеріне шыққан мақалам.

Менің баспасөз беттеріне шыққан мақалам.
жеке
блог

Сағындым сені,ұлым... Терезеге телміріп күні бойы отырған Ләсима әжей бүгін қатты шаршады.Күтуден шаршады.Көшедегі күндегі тіршіліктің,басқа күндердегіден айырмашылығы жоқ.Бұл орталыққа келгеніне де аз күн болмапты. Бірнеше айдың жүзіде болған - ау.Таң атқаннан темір тордан жасалған терезеден сыртқа үңіліп, бауыр еті баласын күткеннен жаман не бар?!Соңғы уақытта оны келеді деген ойынанда мүлде арылған еді,бірақ әлі күнге дейін үмітін үзген жоқ. Бағанадан бері сөз етіп жатқанымыз «Қарттар үйі». Бірнеше ай бұрын «Апа, сізді қаладағы ең мықты демалыс орнына әкелдім,бір аптадан соң келіп алып кетемін.» деп кеткен баласы әлі жоқ... Бәрінен де өзінің жанынан бір елі шықпайтын немересін сағынды.Бар ойы немересінде, «мектептен келген де болар,сабағын оқып жатқан шығар,ұйықтады ма екен?».Сансыз сұраққа жауап таппай,өз - өзін жеп болды.Қанша өзін жұбатқанымен баласын,немересін,үйін, жақындарын сағынды...Әлі де сағынышы басылар емес...