Менің балалық шағым

Менің балалық шағым
жеке
блог

Балалық шақ. Есіңе ыстық етеліктерді түсіріп, жаныңды жадыратады. Бәріміз де осы бір кезеңді бастан кешірдік. Менің де өмір атты кітабымда «балалық шақ» атты тарау бар. Қолымда уақыт машинасы болғанда өткенге саяхат жасармедім шіркін!
Әлі есімде. Теледидардан берілетін мультфильмдерді бірнеше рет көрсем де, тіпті сөздерін жаттап алсам да жалыққан емеспін. Олар: Ну погоди, Доналд Дак, Том мен Джери т.с.с. Мультфильмдермен қатар тағы бір қызықты сәт ойымнан кетер емес. Ол – мұғалім болып ойнау. Ойыншықтарды оқушылар секілді отырғызып қойып, оларға ұрсатынмын. «Түк білмейсің! Сабақты неге оқымайсың? дейтінмін. Қаласам бестік баға қойып, тіпті бұрышқа тұрғызып қоятынмын. Оларға тамақ беріп, ұйықтатып, бөлмеден бөлмеге ерінбей ертіп жүретін кездерімді есіме алсам әбден күліп аламын. Үйде тұрған заттарды жинап оларды сатып ойнағаным да есімде. Бөлмеме барлығын үгел жайып тастап, қолдан касса жасап дүкенші болатынмын. Аулада да балалармен дүкенші ойнайтынбыз. Ақша ретінде сынған әйнектерді, босаған бөтелкелердің қақпағын қолданатынбыз. Кейде қағазға жазып қолдан купюра жасайтынбыз.
Айта берсем балалық шағымның жарқын сәттерінің шегі жоқ. Осы бір күндерім үшін анама айтар алғысым шексіз. Маған жарқын өмір сыйлап жанымда болғаны үшін рахметімді айтамын.

Сарсенова Асылай Сатжановна. Журналистика мамандығының 2 курс студенті