Менің арманым!
Мен бала кезімнен детективті фильмдерді жақсы көретінмін. Кітаптарды айтпай-ақ қояйын. Неге екенін құпия сырларды ашып, шынайылыққа жету арманым болатын. Сол фильмдердің ішінде қатты көргендерім:
«След»
«Детективы»
«Шерлок Холмс»
«Миссис Марпл». Кино біткенше солармен бірге тармасып іздеп, алдын ала қылмыскерлерді тауып алатынмын.(Барлығында емес әрине). Бірақ сол фильмнің главный геройларындай болу үшін.... Әрине көп еңбек пен ақша керек екенін кейіннен түсіндім ғой.
Кей кездерде маған ұнаған адамдар туралы мәліметтерді уақыт өтпей жинап алатынмын. Мен тыққан затты ешкім таба алмайды. Сол үшін үйдегі тығып қойған тәттілерді тез тауып алып, сосын ешкім таппайтын жерге тығып қоятынмын))))
Сабақта мұғаліміміз болашақта кім болғың келеді дегенде барлығы «мұғалім», «дәрігер», боламын десе. Менің жауабым «детектив» боламын деуші ем. Сонда барлығы ду күлуші еді. Неге күледі деп ренжуші ем сонда. Енді сол сөзіме өзім күлем. Шынымен де бұл менің балалық арманым екен ғой. Қазір ол ойымнан айнығам))) Ендігі арманым оқуымды қызылға бітіріп жұмысқа тұру. Содан кейін адал жар, бақытты ана болу...