Менің балалығымның тәттілері

Бәрлеріңіз балалықтарыңыз жазып жатсыздар ғой, сол жазбаларды күнде оқып кәдімгідей балалығыма күнде саяхат жасап келем. Себебі, кей кездерде сіздермен ұқсастық көріп қалам... Ойлап қойдым да, "жас аралығы шамалас ауыл балаларының өмірі өте ұқсас па?" деп. 

Қазір сникерс жеп отырған кезде, алғаш сникерс пен  тағы да қазіргі танымал тәттілер танысқан кезім есіме түсіп кетті. Біздің кезде ақшаң болса да бұл тәттілер дүкенде қаптап тұрмады. Ақша да жоқ еді ме, білмейм маған күнделікті жұмсауыңа деп ешкім ақша бермейтін. 

Біздің балалық сол 1990 жылдарға келеді ғой. Тәуелсіздік алып, көп нәрсе жоқ кез еді. 

- Бір күні мамам мейрамда ағам екеумізге ашты екі тәтті әкеп берді, жанталасып аузымызға салған кезде аузымның ашығанынан көзімнен жас шығып кетті. Сонда да жеп қояр емеспін :). Бұл менің алғаш ментос кәмпиттерімен танысқан кезім еді. 

- Сникерсті мен бірінші теледидардан көрдім, баламыз ғой "мама, маған мындай әперші иа туған күніме" деп сұрағам маманан. Мамам күлді: "туған күніңе емес ертең-ақ әкеп берейін бізде болса" деп. Себебі ол кезде тв дан көрсеткеннің бәрі дүкенде бола бермейтін. Әкеп берді ертесі, жалғыз тал қалыпты. Мамам да, папам да, ағам да менің шоколадым қарап тұр білем. Амал жоқ, төртке бөліп жедік :) 

- Біздің балаықта ең күшті сағыз love is еді. Оны алып ішіндегі фантигін жинап, жігітпен жүргенде соларды көрсететін болып сақтайтын ем :). Ішіндегі сөздерді дұрыс түсінбесемде, мамаға аудартып алып "ааа, маған келеді" екен дейді екем. мамам сол сағыздарды көрген сайын соны айтып күледі, "жігіттің кім екенін білмей тұрып, маған келеді" деп айтатынсың деп. 

- love is тен басқа турбо, нино деген сағыздар болушы еді. Фантиктерін жинайсың ғой, мынау менің мәшинем деп :). Кейін наклейкасы бар сағыздар шықты. Небір футболистер, машина, "Елен и ребята" деген киноның наклейкаларын шкаф, холодильник беттеріне шаптап қоятын ем :). Холодильник бетінен алған кезде,  толық кетпей алынбай жаман болды. Бетіп краскылеуге тура келген. 

- ең сүйікті сағызым 3 теңгелік клубника сағыз еді (қазір солар жоқ иа). Дүкеншіге барып сағыз аларда "үлкенін таңдап алам" деп шу шығарушы ем :). Дүкенші оларды қағазға шашқан кезде қосымша біреуін көрсетпей сұрап алатынмын  :). 

- ең сүйікті шоколадым Баунти болатын. Мен 4- сынып оқып жүргенде кең таралды. Маған кешке шейін бір Жеңіс деген аға әкеліп беретін, әпкемді шығарып беру үшін :). 

Осыншама шет елдік тәттілердің ішінде ең қатты ұнайтыны, үйден үзілмейтіні қатып қалған қалың пірәндік еді ғой. мама көп қылып әкеп қояды, үш уақыт беретін бізге :). 

Қазір дүкенге барсам басым қатады, қай шоколад жесем екен а деп. Балалық күнімде аңсап жеген әр тәттінің дәмі әлі күнге есімде... 



Бөлісу: