Рас,бақытты екенім ақиқат.Осындай керемет елде дүниеге келдім және осында өсіп жатырмын.
Бұл мен үшін үлкен бақыт.
Ардақты аға-әпкелерім бар,елдің мерейін көтеріп абыройын асқақтатып жатыр.
Бұл мен үшін үлкен бақыт.
Ата-анамның ортасында алаңсыз өмір сүріп жатырмын.Көйлегім көк,тамағым тоқ.Уайымым жоқ.
Бұл мен үшін үлкен бақыт.
Сабағымды жақсы оқимын,ұстазым да жылы шырайлы,мейірімді жан.
Бұл мен үшін үлкен бақыт.
Қиын-қыстау кезеңде жаныма медеу болатын достарым бар.
Бұл мен үшін үлкен бақыт.
Қазақстан атты ұлан-ғайыр жерім бар.
Бұл мен үшін үлкен бақыт.
Халқы қонақжай,ақпейілді халқымыз бар.
Бұл мен үшін үлкен бақыт.
Дәл кәзір осы жазбаны Массагетте жазып отырмын.Ал тұңғыш қазақтың сайтына кіру-бұл мен үшін үлкен бақыт.
ИӘ,мен бақыттымын.Өйткені,жан-жағымдағы адамдар маған мейіріммен қарайды.Олар маған бақыт сыйлады.Мен де өскенде,еліме,жеріме бақыт сыйлайтын боламын!
Айтпақшы,ұмытпаңыз!Сіз ең,ең,ең бақыттысыз!Дәл мен сияқты!