"Менің бақытты күнім" күнделігі мен жаңа спорт алаңы
блог
Естеріңізде болса, осыдан біраз уақыт бұрын мен «Менің бақытты күнім» атты күнделігінің сатылымға шыққанын айтқан едім. Әр сатылған күнделіктіен түскен 500 теңге «Sport Concept» ҚҚ аударылды. Нәтижесінде 2 ай ішіндегі сатылымнан 525 000 теңге түсті. Енді бұл қаржыға Алматы қаласы Түрксіб ауданында спорт алаңы салынады.
Осыған орай, Алматыдағы «Elephant» мейрамханасында кездесу өтті. «Менің бақытты күнім» күнделігінің авторы #AselZoe қуанышында шек жоқ. Аз да болса көмек көрсетудің, қайырымдылық жасаудың өзі өзгелерге үлгі болатыны сөзсіз. Кездесуге Түрксіб ауданының тұрғыны Лидия Моренко да келді. Екі баланы жалғыз асырап отырған ол өзінің тұрғылықты мекенінің көркеюіне, балалар алаңының салынуына аянбай ат салысып жүр. 4 жыл бойы қала ауданының басшылығына, басқа да мекемелерге хат жазып келеді. Табанын тоздырып аудандағы қоқыстарды жинау, балалар алаңын салу, көгалдандыру жөнінде мәселелерді шешуге тырысуда. Алайда, бірде шешуін тауып, бірде таппай келеді. Ешкімнің қолдауынсыз бір өзі аудандағы өзекті мәселелерді көтеріп жүр. Тұрғыны мекенінің әлеуметтік жағдайын жақсартып, балалар үшін тырысып жүрген ол өткен жылы еріктілердің көмегімен ауданды қоқыстан тазалап, сол жерге спорт алаңын салмақшы. Енді түскен қаржыға көктемде спорт алаңының құрылысы басталады.