Менің бақытты күнім

Әр атқан таңды аман-есен қарсы алғанның үлкен бақыт емес пе?! Ал әрбір күнді қуанышқа толтырып, оны «Бақытты күн» деп атау өз қолыңызда екенін білесіз бе?! Жақсы ой-пікір білідіріп, игі тілектер айтып, ізгілікті істерді жасау арқылы сіз өз күніңізді бақытты ете аласыз. Сенбейсіз бе?! Олай болса, таяуда жарық көрген Әсел Зояның «My Happy Day» - «Менің бақытты күнім» атты күнделігіне назар аударыңыз.

«My Happy Day» - «Менің бақытты күнім» күнделігі 2017/2018 жылға арналған. Әрбір парағында авторлық мотивациялық сөздер, танымал адамдардың ойлары, пайдалы кеңестер мен қызықты фактілер жазылған. Ал күнделіктің соңғы парағында орналасқан конверт ішінде дисконттық карталар бар.


Әсел Зоя анасынан ерте айырылған, әжесінің қолында өскен. Бүгінде ол екі қыздың анасы. Өзінің атқарып жатқан істерімен өзгеге үлгі көрсетіп жүрген жан. Жарыққа шығарып отырған күнделігі арқылы ол өзгелерге ой салып, көңіл-күйлерін көтеріп, өмірлеріне нұр төккісі келеді. Күнделік сатылымнан түскен қаржының өзі сауапты іске жұмсалады. Әрбір сатылған күнделіктің 500 теңгесі Анна Шелепованың «Sport Concept» қоғамдық қорына аударылады. Өз кезегінде жиналған қаржы Алматы қаласы, Түрксіб ауданындағы балалар ойнайтын алаң құрылысына бағытталады.

Автор келешекте күнделік қазақ пен ағылшын тілдерінде шығаруды, күнделік таралымын да арттыруы жоспарлап отыр. Күнделіктер «Меломан» дүкендерінде сатылады. «Талғамға талас жоқ» екенін ескерген автор күнделік мұқабасын бірнеше нұсқада шығарған. Егер де жақындарыңызға келе жатқан мерекелерде сыйлық жасауды жоспарлап жүрсеңіз, өте пайдалы әрі қызықты «My Happy Day» - «Менің бақытты күнім» күнделігін тарту етіңіз.

Әр күніңізді бақытқа толтыру өз қолыңызда екенін ұмытпаңыз!



Бөлісу: