"Менің атым Кхан, мен лаңкес емеспін"

Каран Джохардың фильмінде Батыс әлемінің Исламға деген теріс пікірлері, мұсылмандарға қатысты өшпенділігі баяндалады.
 
Үндістаннан шыққан Ризван Кхан деген мұсылман Американың Сан-Франциско қаласына көшіп келеді. Ризван Аспергер синдромымен ауырады. Десек те бұл оған ғашық болуға, махаббатын табуға еш кедергі болмайды. Ол ағасының қарсылығына қарамастан Мандираға үйленіп, бақытты ғұмыр кешіп жатады.
 
Бәрі 2001 жылы 11 қыркүйектегі оқиғадан кейін өзгереді. Осыдан кейін мұсылмандарға деген теріс көзқарас қалыптасады. Резванның үйінде де қайғылы оқиға орын алады. Мандира ұлынан айырылып, жұбайлар арасындағы қарым-қатынас суып кетеді. Мандира ашу үстінде күйеуіне АҚШ президентіне барып: "Менің атым Кхан, мен лаңкес емеспін" деп айтуын талап етеді. Ол сүйгені үшін Америка ішіндегі үлкен саяхатына аттанады.
 
Фильмде басты рөлді Шах Рукх Кхан сомдады. Кинотуынды 2010 жылы жарық көрді.



Бөлісу: