Ертеңгі күннің, бүгінгі күннен асып түсуіне ықпал етіп, адамзат қоғамын алға қарай жетелеуші құдіретті күш тек тәуелсіздікке ғана тіреледі.
Қоғамның рухани және адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруда соғыс ардагерлерінің батырлығы мен ерліктерін келер ұрпаққа насихаттау – баса назар аударарлық мәселе.Осы мақсатты өзімнің атам,яғни үлкен атам Қамзаев Шамар Қамзаұлы жайлы сыр шерткім келеді.Шамар ата – үлкен атам.Себебі ол кісі менің атамның ағасы. Ата 2000 жылдың 18 қыркүйегінде күз айында дүниеден өтті. Атам 4 бала, 3 ұл, 1 қыз өсіріп тәрбиелеген.Өзінің өмірлік жары Қалықыз әжеміз балаларының барлық тәрбиесіне, өмір жолын тауып азамат болуына үлкен болуына бар өмірін арнаған.Атам балаларына «менің жасымды сендерге берсін,бірақ өмірден көрген қиыншылығымды бермесін» деп отыратын.
Менің атам майданда
1938 жылы қазан айында армия қатарына шақырылып,Ленинград соғысы округінде болып, Фин соғысына қатысқан.Ұлы Отан соғысы басталғанда Литва республикасының Каунас қаласында әскери борышынөтеуде еді. Соғыстың алғашқы күнінен бастап ұрысқа қатысқан. Старорусь, Двинск, Новгород,Ленинград, Эстония, Латвия, Литва Республикаларын жаудан азат ету жолындағы ұрыстарда жүріп,үш рет жаралы болған.
Шамар атаның марапаттары
Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі үшін «Қызыл жұлдыз» орденімен;
• 1974 жылы «Еңбек ардагері» орденімен;
• 1975 жылы «Ұлы Отан соғысы жеңісіне – 30 жыл» медалімен;
• 1985 жылы «Ұлы Отан соғысы жеңісіне – 40 жыл» медалімен;
• 1995 жылы «Ұлы Отан соғысы жеңісіне – 50 жыл» медалімен;
• 1988 жылы «СССР – Әскери күштеріне –70 жыл» медалімен;
Біздің Шамар атамыз ұлдары мен қызын тәрбиелеп өсіргенүлгілі отбасы “Қара шаңырақ” қазіргі жастарға үлгі боларлық отбасы.Атамыздың қызы Қамзаева Роза Шамарқызы – Сафон ауылының әкімі болса,ұлдары Сабыржан – Ф.Энгельс атындағы жалпы орта мектебінің автобус жүргізушісі,Әміржан – вахталық жұмыста. Үлкен ұлы Рахат1990 жылдары жол апатынан қайтыс болды.
Халқына қадірлі абзал азамат, біздің ауылдың ер батырының жарқын бейнесі оның ұлағатын көрген ұрпақтары мен шәкірттерінің жүрегінде мәңгі сақталасыз!
Атырау облысы,Құрманғазы ауданы,Сафон ауылы
Ф.Энгельс атындағы жалпы орта мектебінің 10 "а" сынып оқушысы
Аққалиева Асель Ерболатқызы