Менің арманым

Менің арманым
жеке
блог

Əр адам қайталанбас жеке тұлға. Əлемде қанша миллиард адам болса,сонша тағдыр болады. Жəне де сол адамдардың армандаған биік-биік армандары болатыны сөзсіз...

Армансыз адам-қанатсыз құспен тең-дейді. Барлық адамның алдына қойған арман мақсаты болады. Біреу дәрігер,біреуі мұғалім, тағы біреуі актриса сынды мамандықтарды армандайды және сол мамандықтың иесі болуға тырысады.

Əр адам армандай білуге тиіс деп ойлаймын. Адам баласы армандаудан,армандаған,ойлаған нəрсесін жүзеге асыруға тиіс!!!! Сол сияқты менің де алдыма қойған үлкен армандарым бар. Мен биыл он бірінші сыныпта оқимын. Иə, иə биылғы мектеп бітіретін жас түлектердің білімін.

Кішкентай кезімнен бастап гуманитарлық пəндерге жақын болдым. Қазақ əдебиеті менің ең сүйікті пəнім болды... Бесінші сыныптан бастап концерттерге қатыстым. Аяулы мектебімде өтетін қоғамдық шараларға белсене атсалысам,мектептегі іс-шараларды жүргізетінмін... Əлі күнге дейін жүргізіп те келемін. Бала күнімдегі жасаған істерімнен есеие келе үлкен армандар пайда бола  бастады! Ол армандарым менің алға қойған үлкен мақсатыма айнала бастады.

Бала күнімнен армандаған арманым-тек қана шындықты айтатын,шындық пен бірге өмір сүретін-Журналист болғым келеді!!! Бұл арман-мақсатыма жету үшін əлі талай еңбектенуім,ізденуім қажет...

Ата-анамның маған деген үкілеген үміттерін ақтағым келеді! Алдым да күтіп тұрған үлкен сынақ, яғни ҰБТ-дан өзім қалаған нәтижеге жеткім келеді. Мектепті аяқтап өзім қалаған оқу орнына түсіп, өзім таңдаған мамандықтың иесі атанғым келеді.

Кім біледі,мүмкін алты айдан кейін, осы сәттегі қағаз бетіне түсіріп отырғанарман-мақсатым орындалар?Бəрі де мүмкін ғой...

Үлкен мақсатыма жету жолында əлі талай еңбектеніп, биік-биік белестерді бағындырып, талай-талай асулардан асып, бала күнімнен армандаған, ойлаған мақсаттарыма жетініме НЫҚ сенімдімін!!!