Менің әлсіз тұсым..
блог
Дене мүшеміздегі ең әлсіз тұс – ми мен жүрек. Миыңнан ақау шығып, жүрегің жұмыс жасамай қалса, біттім дей бер.
Кейде бір мықты адамға сүйсініп, соған іштей еліктеп, өз өміріңді жаңадан құра бастайсың. Бір әрекеті... Бір ғана әрекеті сенің бүкіл сезіміңнің күл-паршасын шығарып, ол адамды көз алдыңда төмендетуі әбден мүмкін. Менің құрбымның он жеті жасар інісі Қайрат Нұртасқа қатты еліктеп өсіп келе жатты. Қайрат Нұртастай киініп, Қайрат Нұртастай сөйлеп, тіпті жүрісі де өзгерейін деді. Құрбым бұған күлетін де қоятын. Бірде Қайрат Нұртас Прайм-Плазада сахнадан қашып түсіпті деген сыбысты естігені сол еді, бір сәтте көңілі қалып қойды. Шашын да басқаша етіп өзгертіп тастады. Құрбым екеуміз таңғалдық. Адамның көңілі қалайын десе, бір сәтте екен-ау.
Қайрат Нұртастың не себептен ән салудан бас тартқаны маңызды емес, бұл жерде айтпақ ойым – құрбымның інісі өзі идеал көріп жүрген адамының осал тұсын тауып алып, пікірін 180 градусқа өзгертіп жібергені.
Бәріміз пендеміз ғой, сондықтан әрқайсымыздың, сіздің де, біздің де мықты тұсымызбен қатар, әлсіз, осал тұсымыз бар. Бұл заңды да. Ертеде ел мен ел соғысқанда дұшпанының әлсіз тұсын іздейтін болған...
Менің әлсіз тұсым – жан тыныштығын іздеймін деп көп нәрседен құр қалып қоятыным шығар.
Жалпы адамзат баласының бәрінде кездесетін әлсіз тұсты іздеп көрейік:
◊ Өсек-аяңға құмарлық; Біреуді жамандап жатқан жерде, қосыла кетіп жамандау;
◊ Біреуді тұқыртуға, кемсітуге деген құштарлық;
◊ Интернеттің қажеті аз дүниелерінен бас тарта алмау;
◊ Мақтаншақтық;
◊ Уақытты бос өлтіру;
◊ Нәпсінің алдындағы дәрменсіздік;
◊ Ішкілікке, темекіге құмарлық;
◊ Ісінің қате екенін біле тұра, өзін ақтап алуға тырысу.
Енді осы тармақты кеңейтіп, жалғайық.
♥ Сіздің әлсіз тұсыңыз қандай?
Сурет → robertsontrainingsystems.com