Менің алғашқы туындыларым
жеке
блог
блог
Мектепте оқып жүргенде paint-пен сурет салып, артынша ол суреттерді movie maker бағдарламасы арқылы біріктіріп, неше түрлі дүниелер жасайтынмын. Бала күнгі ермегім бүгінде отбасымды асырайтын жұмысыма айналып отыр. Анимациялық фильмдер шығармасам да, сол саламен тығыз байланысы бар бейнеинженер қызметін атқарып жүрмін. Бүгін назарларыңызға өзімнің алғашқы жұмыстарымның бірін ұсынбақпын. "Отырардың күйреуі" деп аталатын бұл туындыны мен 2006 жылы, яғни 9-сыныпта оқып жүргенде шығарған екенмін. Арада 10 жыл уақыттың зулап өткенін байқамай да қалыппын...