Менің алғашқы жазбам-МАССАГЕТ жайында болмақ!

Менің алғашқы жазбам-МАССАГЕТ жайында болмақ!
жеке
блог

Бұл-менің алғашқы жазбам!!! Шынымды айтсам,бұрын-соңды мен жазба немесе мақала жазып көрмегенмін!Сондықтан ба аздап толқу үстіндемін!Қате жібермеуге тырысып отырмын."Не жазсам екен,не айтсам екен" деп ұзақ ойландым.Ақыры алғашқы жазбамда Массагет жөнінде айтсам бе екен деп шештім!Ең әуелі білетіндер бар, білмейтіндер де бар Массагеттің шығу тарихын айта кетсем...Бірде Тарих пәнінен мұғалім сақтарды зерттеуге берген!Ол кезде интернет тіпті компьютер үйде жоқ болатын...Сосын кітапханадан іздестірдім!Сол кезде білдім Массагеттер жөнінде!Массагет сөзі гректен алынған, ұлы тарихтың атасы Гередот ашқан бұл сөзді!Мағынасы-масио-балық,яғни балық жегіштер дегенді білдіреді!Кейбір ғалымдар бұл сөзі ұлы геттер деген мағынаға ие екендігін айтады!Массагет-Каспий мен Аралды мекендеген тайпалар!Массагет-менің жерлесім!Сондықтан ба мен оған жақынмын!Ол да маған ыстық есім!Бұл ақпарды мен форумда да жазған ем!Енді міне жазбамда да сіздермен бөліскім келді.

      Массагет биыл тәуелсіздік күнінде 2 жасқа толмақшы!2 жасқа толғанға шейін адам біраз нәрсе  үйренеді,бұлдырлап тілі шығып сөйлеуді,жүруді,жақсы көруді және жақсыдан үйреніп жаманнан жиренуді де біледі емес пе?Әрі тәтті қылықтарымен қызықты ғой!Менің інім-Массагетпен құрдас!Бірде ойланып отырып онымен Массагеттің құрдас екендігін аңғарып,адам осы жасына шейін тек үйренсе ,керісінше біз осы сайттан көп нәрсе үйрендік емес пе? деген ой қайдан келгенін білмеймін сап ете түсті...Содан ойлана келе достарыммен бөлісуді жөн көрдім!Негізі біз 2 жастағы баладан ештеңе үйренбейміз ғой,ал 2 жастағы Массагеттен көөөөөппппппппп нәрсе білдік!Онда бүкіл нәрсе,бүкіл жәйт қамтылған!Солай емес пе?Әрине мұның бәрі де адам ақыл-ойының жемісі ғой!Мұнда бәрі тек татулықты сүйіп,әрбір осында тіркелген оқырман өз ойымен бөлісіп,пікір беріп,пікір алыса алады!Жұлдызды блогтар мен бірге аударайық,форумдардан сонымен қатар техно-тағзым(яғни технодан бастап тағзымға шейін) бәрі -бәрі бүкіл жер шарын қамтитын материяларға толық!Кинолар болсын,адамның ойлары болсын,ақпарлар болсын бәрі де-материя!Ал Чатты әзірге түсіне алмай жүрмін,бірақ оны да үйреніп алатыныма сенемін!Өйткені,Массагет әрдайым-үйретуші ҰСТАЗ!Менің бұнымен айтпағым салыстырмалы түрде қарап көріп ем!Әрбір нәрсені салыстырмалы түрде қарап ойланған да жөн!Түсінесіздер деп ойлаймын!Егер ештеңе түсіне алмасаңыздар алғашқы жазбам болғандықтан түсіністікпен қарауларыңызды сұраймын!

Егер де

Қателіктер орын алса

Бұл жазбада,

Оқырман шын жүректен

Мен Кешірім өтінем!

            Менің алғашқы жазбамды назар қойып оқығандарыңызға рахмет!

                             Шын жүректен!

Алғашқы жазба:Жерлесі-Жаңагүлден!