Менің алғашқы фоторепортажым

Менің алғашқы фоторепортажым
жеке
блог

Адам сүйікті ісімен айналысқанда әлемдегі барлық хаосты ұмытады. Ал менің құлшына істейтін ісім ол репортаж. Бала кезден журналистикаға әуестеніп , сол істің қазанында қайнап мықты маман болуды арман ретінде емес мақсат ретінде қарастыратынмын. Сол мақсатымның бірінші табалдырығын КазҰу да аттадым. Яғни журналистика факультетіне оқуға түстім. Басында ең оңай жұмыстардың бірі ретінде қарастырған саламның сан түрлі қиыншылығы мен сынағы бар екен. Жәй ғана теледидар алдында отырып ақпарат таратамын деген ойымның тым жеңіл болғанын,өзгеге оңай болып көрінген дүниенің астарында, біраз төгілген тер бар екенін ұқтым. Сіздер оқып жүрген 1 беттік мақаланың өзінде қаншама ізденіс пен талап жатқанын білсеңіздер ғой. Үйді бұзу оңай, салу қиын.

Мақаланы оқу оңай, жазу қиын.

Журналистика қызығатын мамандық емес, ол жұмысты, көп ізденісті талап ететін, қызығуды емес, махаббатты қалайтын мамандық.Көңіл қалап түскен салаңның қандайда болсын қиындығына шыдайсың,соққыларын оңай қабылдайсың. Мүмкін мен бұл мамандықты жәй баллым жеткендіктен түссем , бұл сынақтарына төзіп төзбеуім екі талай еді. Алғашқы соққысынан ақ сағым сынып,ойым шашырап қалушы еді деп ойлаймын. Бала кездегі арман мен қиял дәл осы сәттегі шындықпен түйіскенде есейесің,түсінесің. Солай мамандығымның әр түрлі бағыттарымен таныса бастадым. 1ш курста алып ұшар дүние болмасада,санаға қонған ақпараттар легі көп болды. Бір жағынан осыда дұрыспа деймін. Бірден практика жағасына итермей , жетектеп теориямен алып келгендеріде дұрыс екен. Десекте бар қызық 2ші курста басталды. Журналистиканы тек теория жүзінде емес практика жағынан сезіндік. Ол кездері фотожурналистика бағыты жайлы аса біле бермейтінмін, тек шетелдік кинолардан көрген бір-екі ақпаратым бар еді. Ол ақпараттардың өзі бір ауыз толтырып айтатында ақпарат емес. Атауына қарап-ақ берер ақпараты көп екенін бірден аңғардым. Солай ағайымыз дәрісті бастағанда біз жәй суреттің өзі сөйлей алатындағына көзіміз жетіп, бұл бағытқа деген қызығушылығымыз оянды. Мендегі бар мақсат “суретті сөйлету” еді. Яғни менің түсірген суретім сол жердегі бар ақпаратты берсе екен дедім. Солай бірнеше дәрістер өтіп, фотоаппаратпенде таныстым. Кішентай ғана құрылғы қаншама естеліктерді жинаған . Қуаныш,мұң, шарасыздық,құлдырау,жақсылық,жамандық бәрі бар. Кейін универімізде Наурыз мейрамына орай үлкен концерттік іс-шара болатынын айтып,сол жерде практика жүзінде фоторепортаж жасап көріңдер деп ағайдан ұсыныс келді. Содан сол жерге барғанымда оқытушым Асылхан Абдраимұлы камераны қолыма бердіде “Ақпарат ағымы көп, сәтті ұстауға тырыс” деп , сол алаңға жіберді. Басында қорқыныш,сенімсіздік,қобалжу болды. Жанымда біраз жылдық тәжірибиесі бар,атағы шыққан фотографтарда жүрді. Басында түсірген суреттерім сәтті бола қоймады. Бәрі юірден бола бермейді деп өзімді жұбатып бір бұрышта тұрдым. Кейіннен айналама зер салып біраз тұрғанымда ағайым айта бастаған “моменттерді” көре ,сәтті сезіне бастадым.Бірден фотоаппаратымды алып ұшып жүрек бағыттаған жаққа барып бірнеше суреттер түсірдім. Өзіме ұнап бастады және сол процесстен қуаныш,мақтаныш сезімін сезініп,үміт оты жанды.

Асылхан ағайға барып көрсетіп ол кісіден мақтау естігенде тіптен қуанып іске білекті сыбана кірістім. Ағай бір-екі ақылын айтып, қазір ҚазҰу университетінің ректоры Қансейіт Жансейітұлы келетіндігін айтып және бұл керемет фото түсіруге деген мүмкіндік екенін айтты. Ойымда қалған басты қағида «жылдам бол» дегені. Солай өзге фотографтармен бірге жанталасып бір эксклюзив фото ұстауға тырыстым. Ол кісілерде тәжірибие көп болғаннан кнйін бе мененде жылдам болды. Солай менде сол жерде жүріп біраз фото түсірдім. Өзіме ұнады.

Фотожурналистика немесе фоторепортаж дегеніміз ол жәй суретке түсіріп қоя салу болса онда екінің бірі фотограф немесе фотожурналист болып кетуші еді. Ал бұл жердіңде өзіндік тәртібі мен талабы, қиыншылығы мен ерекшелігі бар . Басында “бұл жәй ғана фото ғой” деп қараған менің көзқарасым сол сәтте бірден 180 градусқа өзгерді. Қозғалыста болып жатқан дүниеден немесе бір іс әрекеттің ұтымды сәтін ұстау тым қиын екен. Солай ағайдың берген ақылымен алғашқы фоторепортажымдыда сәтті аяқтадым. Өзімніңде өзгеніңде көңіді толған суреттер бар. Әу баста айтқанымдай жәй ғана сурет емес ақпарат беретін сәтті ұстай алдым. Бұл репортажды істеу барысында фотожурналистиканың қиыншылығын ұғындым. Сәтті ұстау, айналаңа қырағы көзбен қарау дегенді іс жүзінде де ,жүрекпенде сезіне білдім. Ендігі кезде фотожурналистика менің шындығым,махаббатым әрі қуанышым деп нақты сеніммен айта аламын!

Журналист халыққа керек кезде саясаткер,экономист , фотографта бола алады. Себебі журналист барлық дайындағалы жүрген ақпаратты, мамандықтарды, оқиғаларды өзі сезіне білуі керек. Сонда ғана жұмысы табысты,берген ақпараты өтімді пайдалы болады.

Қыдырғазықызы Аружан
ҚазҰУ журналистика факультеті
2-курс студенті