Сәлем,
Мен өзімнің алғашқы блогымдағы бірінші хабарымды жариялап отырғаныма өте қуаныштымын. Блог жазуды бастамастан бұрын оның не үшін керек екенің және оның пайдаларын ғаламтордан іздедім. Сол тақырып жайлы әр түрлі мәлемет таптым. Мәселен, кей адамдар оны бизнес жүргізу, дос табу, жұмысын жарыққа шығару үшін немесе хобби сияқты қолданады. Әрине, блогты осы мақсаттарда қолдану өте тамаша болар еді, алайда менің тағы бір себебім бар. Менің ойымша, блог адамдардың өз өздерімен әсерлі қарым-қатынаса алатын ерекше орын бола алады.
Осы жерде бір сұрақ пайда болады. “Өз өзіммен әсерлі байланысу ” деген не және не үшін қажет? Сіз өз-өзіммен әсерлі қарым-қатынасамын деп айтуыңыз мүмкін, бірақ бұл шынымен солай ма?
Өзіңіздің бала кездегі , жас кездегі ескі суреттеріңіз, дәптерлеріңіз және бейнероликтеріңіз есіңізде ме? Оларды көрген кезде сол кездегі сіздің ойларыңыз, мақсаттарыңыз, өмірге деген көзқарастарыңыз есіңізге түсе ме?
Мысалы, осы ой маған өте қызық келеді. Сондықтан, өзімді бағалау және дамыту үшін, өзімнің кейбір ойларымды блогқа жазу жақсы бір жол болатына сенемін.
Құрметпен,
ap