Менің алғашқы "1 қыркүйек" күнінен қалған суретім:)

Менің алғашқы "1 қыркүйек" күнінен қалған суретім:)
жеке
блог

Ел-жұрттар алғашқы мектепке барған күндерін қыркүйектің бірі болмай-ақ жариялап, айтып, естеліктер айызын әбден қандырып қойған болар. Менің бірінші сыныпқа барған сәтім есімде қалмапты. Шын. Гүл шоқтарын ұстап алып сапта тұрғаным, ата-анаммен суретке түскенім - есімде жоқ екен. Солай ескі альбомдарды ақтара келе, жоғарыдағы суретті тауып алып, бірте-бірте сол күннің елестері ойыма келе бастады. Бұл менің "1 қыркүйек" сабағына тұрып жатқан кезім екен.

Есімде: мамам "Күнтайдың алғашқы мектепке тұрған сәтін түсіріп алайық" деп, мені сол кезде еркелетіп оятқан. Кейін бірақ неге екені мектепке ағам Ерлан алып барды. Қолында фотоаппарат. Мен сол кезде алдыңғы тістерім түскен, нағыз "первоклашка" едім. Ерлан күл десе, тісімді көрсеткім келмей, тек жымия саламын. Сосын үйге қайтарда сирень өсетін балабақшаға кіріп, суретке түстік. Ол мені күлдіртіп біраз тұрып, байқамай аузымды ашып күліп қалғанымда суретке түсіріп алды:) (бірақ әрине ол суретті салмаймын):)

Солай аса пафоссыз, үлкен думан-мерекесіз оқушы болып шыға келдім. Осы ретте "Адамдар сенің не айтқаныңды емес, сенімен бірге не сезгендерін есіне сақтап қалады" деген сөздер дұрыс-ау деген ойға қаласың. Осылай сіздерге өзімнің алғашқы оқушы болған фотоларымды бөлістім. Жаңа оқу жылдарыңыз құтты болсын, оқушылар, студенттер. Сонымен қатар алғаш студент болып отырған "балмұздақтарға" кеңес ретінде жазған видеоблогымды көріп шығыңыздар!:)