Менің аксиомаларым

Менің аксиомаларым
жеке
блог
  • Адамның жақсы қасиеттерін санамалай берсең бітпейді, дәл сол сияқты жаман қасиеттерін де жиып-терсең сарқылар тұсына жетпейсің...
  • Адам бірде жақсы, бірде жаман, бірде мінсіз жақсы да, ал бірде үмітсіз жаман...
  • Кей пендешілік адамның ойында қалыпты іс болып көрінеді...
  • Менен қарыз алып, қайтармаған адамды кешіре алмаймын. Қарыз ретінде тек ақша деген түсінік емес...
  • Жақсы көрген адам лапылдап жанып тұрған от сияқты. Көл-көсір сезімге берлсең күйіп қалуың да мүмкін...
  • Істің бәрі де қиын, ақыл айту оңай...
  • Жүректен шыққан сөз жүрекке жетпейді, одан да іске асады немесе оттай күйдіреді...
  • Менбілемділік әркімде бар, сондықтан ешкім де мінсіз емес...
  • Қыздар қызғанбайды, жеккөреді, ұлдар жақсы көрген соң қызғанады...
  • Адамның адалдығы – қыл үстіндегі қалт-құлт еткен қауырсындай. Ал оны шеберлігімен бағындырған адам жоқ.
  • Кейде болар-болмас қиялға берілемін. Сондағы ой қазақтың сөздері неге бір-біріне ұқсас болды екен деген ой. Мәселен сезім мен төзім. Екі бөлек дүние болғанымен сезімнің өзі төзімнен, төзімнің өзі сезімнен құралады емес пе? Ақындарға льгота!
  • «Халық айтса қалып айтпайды», бірақ халық ол тобыр.
  • Ағалардың қасында жүрудің еш зияны жоқ...

Түсіндіңіз бе? Кейде өзім де түсінбеймін өзімді...

 

Айтпақшы, Ақерке... ммм... е жоқ, өзің айтарсың жаңалығыңды...