Менің 5 реформам

30 қарашада Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын жолдаса мен 7 желтоқсанда өз ұсынысымды ұсынсам ба деп отырмын.

1. Білім саласы.

Білім басты байлық, білімің болмаса ауылдың малын да санай алмайсың. Сол себепті, жоғарғы оқу орындарындағы білімгерлердің дипломдық қорғауларын білікті мамандар алса. Мысалы денсаулық сақтау саласы қызметкерлері қабылдайды, дипломы бар баланы жұмысқа қабылдайды, жас маман қателік жасаса университет ұстаздары мен диплом қорғаудағы комисия мүшелері қатар жауап береді. Қажет болса жазаланады.

2. Денсаулық саласы.

Денсаулық сақтау органдарының барлығын жаппай жекешелендіру, медбике бастаған, бас дәрігерлер айлықты мемлекеттен емес халықтан түскен ақшадан алады. Аурханада жатқан ауруды ақшасын алмайынша қарамайтын дәрігерлерге мемлекет ақша төлеп керегі жоқ секілді. барлығына аурудың түріне қарай тариф бекітіледі, дәрігер қарайды - халық төлейді, сонда мемлекеттің 75% қоры басқа салаға бөлінеді. (түк білмейтін дәрігерлер жұмыссыз қалады есесіне аурудың саны азаяды.)

3. Ауыр жұмыс атқаратын жұмысшылардың жалақыларын жоғарылату.

Көше, еден тазалаушылардың айлығы 20-35 мың шамасына. Ыстық - суық жерде, мұздай суға қолын салып еден жуып жүріп аз айлық алып, денсаулығын құртып кейін жарамсыз адам мемлекеттке шығын.

4. Жол полициясы қызметкерлері.

Жол полициясы қызметкерлері қызметкерлерінің аңдығаны москвич мініп нанын зорға тапқандарды және гулянкада жүрген жастарды аңду. Әр көлікке 10 000 тг көлемінде мемлекеттік баж салығын салып соларды, шеңгел, талдың және аялдаманың артында тығылған жол сақшыларын шығарып, гулянканы соправаждайтетіп жүрсе, той жасағандар да, протокол планын орындай алмай жүрген жол полиция да мәз, мемлекетке де де табыс түсер еді.

5. Сыбайлас жемқорлық туралы.

Сыбайлас жемқорлық қызметкерлері,бірінші халыққа заңды үйретсе, сосын сол заң аясында жұмыс атқарылса. Қаз тел операторларымен тығыз жұмыс атқарып халыққа 2 тілде (мемлекеттік тілде және орысша) тест сұрақтарын жіберіп, халықты жемқорлық заңымен таныстырса. жемқорларды қоғамдық жерлерде жұмыс атқартып мемлекеттің жұмысы аз саласына жұмсаса. (Еден жуу, көше тазалау саласында адам аз менімше)

жалғасы бар.



Бөлісу: