Менің 16 жасыма хат

Менің 16 жасыма хат
жеке
блог

Салем, Айжан. 

Өзіме - өзім хат жазу қызық екен, дегенмен 16 жасар кезіме не айтар ем деген ой мына жазбадан кейін ойымнан шықпай қойды...

Ауылыңды сағынып жүрсің ғой, білем...  Алматы саған қатал, суық көріне ме? Уайымдама, болашақта ол қаладан да ешқайда кеткің келмей қалатынына сенімді бол... 

Сағыныш деген нәрсенің қиын екенін білем, бірақ сәл де болса сол сезімді жиып қойып басқа нәрселерді де ойлашы. Өткен қайтып келмейді, соны есіңе сақтап алға жылжы бір орныңда қалып қалма...

Политехтан кеткің келеді ғой, кетіп қалшы өтініш... Бәрібір сен геолог болып жұмыс істемейсің. Грантты қайтем??? Мүмкін КазГУдың журфагы мен филфагы бір грантын қияр ма еді??? Өзің армандаған іспен айналысшы деп қанша айтам? Адамдар үшін өмір сүрмей, өзің үшін өмір сүр... 

Аңқау болмашы, үлкен қыз болдың ғой... Адамдарға сене бермеші, әйтпесе болашақта қатал болып кетесің... Қыздар сияқты киініп, майысып үйренші. Папаң ұл болғаныңды қалағанымен енді сен ұл бола алмайсың ғой... 

Ағаңмен араласып, тату болып үйренші. Оның балалары "тәте" деген кезде қуанасың. Әттең, осы кезден ағамды түсінуді үйренсем ғой, мүмкін... қазір алытамас па еді... 

Тіл үйрен, оқы көп нәрсе оқы... Басқа тілдерге мән бер, әлем әдебиетін оқы, қазірден оқы. 

Батыл бол, өз істеріңе өз өміріңе қатысты істерге батыл бол... Адамды қайтара алатын мінезіңді батылдыққа жұмсашы... 

Көп ақыл айтып кеттім бе? Білем, сен мені тыңдамайсың... Себебі сен қазір отсың ғой... Күйіп қалмағаныңа рахмет айтамын...