Шырайлы Оңтүстіктегі Отырар ауданын білмейтін қазақ кемде-кем. Өйткені Отырар-ұлылардың отаны. Олай айтуымның себебі ІІ-ші ұстаз Әл-Фарабидің туып өскен жері осы Отырар өлкесі. Сонымен қатар бұл жерде, күш атасы-Қажымұқан, Ән ағасы-Шәмші Қалдаяқов,Кеңес Одағының қос батыры-Темірбек Ибрагимов пен Сейітқасым Әшіров аталарымыз, ақын ағамыз – Мұхтар Шаханов, Айтыскер апаларымыз-Тәушен, Әселхан Қалыбекова мен Маржан Есжановалар, айтысткер ағамыз - Бекарыс Шойбеков туып өскен.
Бұл жерде сонымен қатар Қожа Ахмет Йассауидің ұстазы, Мұхаммед пайғамбардың адал қызметкері, бабтардың бабы-Арыстанбабтың кесенесі бар. Ежелгі мұсылман еліндегі ең үлкен кітапқана да осы Отырар өлкесінде болған. Сонымен қатар Моңғол әскерімен 6 ай арпалысқан әйгілі Отырар қаласының орны да осы жерде сақталған. Мен осындай Ұлылардың отанында туылғаныма қатты мақтанам. ОТЫРАР-Ұлылардың мекені!!!
Алдаспандай жарқылдап,
Ақын шыққан бұл өлке.
Қызылқұмның ыстығы,
Жанға дәру бұл өлке.
Ақынын іздеп ел-жұрты,
Құшағын жайған бұл өлке.
Ақындардың мекені,
ОТЫРАРЫМ – ұлы өлке!