Туған елім
блог
Туған жерім топырағыңнан нәр алдық....
Мен Астана қаласында 1999 жылдың 27 мамырында дүниеге келдім. Астанама ата-аналарым мен тумай тұрып көшкен. Олардың да кіндік тамған жерлері өздеріне ыстық және әр дем алған сайын туған жерлері естеріне түседі. Мен үшін де туған елім алтын ұямен тең. Астана қаласы жас қала болғандықтан өте әдемі және күннен-күнге көркейіп келеді. Әрине, қаланың ескі аймақтары да бар. Әйтсе де, адамдардың әсем қалада өсіп, жаңа технологиялармен білім алып жатқаны қуантарлық. Астана қаласында тұрып жатсам да керемет жерлерінде күнде бола бермеймін.
Астана қаласында әлемдегі ең үлкен шатыр орналасқан. Хан шатыры - қазақтардың заманауи жаңа сауда орталығы.
Хан шатырда мерекелер мен көрмелер өткізіліп тұрады.
Осыдан екі жыл бұрын екі мың он екінші жылдың алтыншы шілде күні Азиядағы Әзірет Сұлтан деген ең үлкен мешіт ашылды.
Бәйтеректің алаңы қазақтың кең даласын көрсететіндей өзіме.
Бұл гүлдер Астанада өте көп...
Бұл менің Махаббат деген сіңілім...
12 жасымда болғанда, Думан ойын-сауық орталығындағы көбелектер дүкеніндегі түскен суретім.
Мөлдір деген сіңілім..Сурет былтыр түсірілген.
Астанадағы Меганың жанында балалар жылы күндері ойнайды.
Суреттегі сурет наурыз мейрамында түсірілген. Астананың ауа-райы құбылып тұратындықтан, кейде жазды күз деп ойлап қаламын.
Енді Бәйтеректің ішінен түсірілген суретті көрсетейін. Бәйтеректің жоғарғы жерінен бүкіл Астана көрінеді.
Бұл - көктемгі ағаштар. Қазір бұл ағаштарымыз өсіп кетті. Сол жерде өте-мөте көп құлпынай өседі. Күнде бақшамыздан құлпынай теріп жейміз. Біздің үйдің маңында раушандар көп өседі. Соңғы кездері жаңбыр тоқтамай жауғандықтан, өліп қалды. Астананың ауа-райы құбылмалы....
Мен кішкентай болған кезімде Астанада ешқандай сауық орталықтары болмаған. Әжем сол кезде ғимараттар салынып жатқанын айтқан.
Таң атқанда бөлмемнің терезесінен бақша, монша, арғы көше көрініп тұрады.