Қаратөбе мекені

 Менің  туған  жерім   Қаратөбе ауданы –  Батыс Қазақстан облысының оңтүстік шығысында орналасқан. Қаратөбе  Атырау облысының Қызылқоға, Ақтөбе облысының Ойыл аудандарымен шектесіп жатыр. Негізі  бұл  өлкенің  тарихы  бай, тамыры  тереңде. Қаншама  дарынды  ақындар, жазушылар,күйшілер мен тарихшы  тұлғалар  түлеп  ұшып, еліңе елеулі  үлес қосты алтын  әріптермен  Қазақ тарихында  мәңгіге  қалды. Қаратөбе өңірі қашанда даналар мен таланттарға толы 
өнерлі өлке. Біздің  елдің  елге  танылған  тарихи  тұлғаларымен  қысқаша  таныстырып өтейін: 

Қаратаев Бақытжан Бейсәліұлы Қазақстанның ірі тарихи тұлғаларының бірі, алғашқы қазақ заңгері, көрнекті қоғам қайраткері, ағартушы – демократ. 

Аманшин Берқайыр Сәлімұлы  ақын, жазушы, драматург, аудармашы, «Қаратөбе ауданының құрметті азаматы».  

Жұмалиев Қажым  жазушы, ғалым, филология ғылымдарының докторы (1947), профессор (1950), Қазақстан ҒА-ның академигі (1967) 

Ертілесов Жұрғали  Белгілі журналист, жазушы, “КСРО баспасөз ісінің үздігі”  

Хасанов Қайыржан - өлкетанушы, ақын, прозаик жазушы, журналист, “Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, “Қаратөбе ауданының құрметті азаматы”.  

Құрманғазы Қараманұлы   Жазушы, журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1987), Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі.

Мұхит Мерәліұлы қазақтың халық композиторы, әнші, ақын, күйші-домбырашы

Ғарифолла  Құрманғалиев Республика мәдениетіне еңбек сіңірген қайраткер, әнші (тенор),Қазақ КСР халық әртісі.

Хасанғалиев Ескендір әнші, композитор, “Қаратөбе ауданының құрметті азаматы”, Қазақстан Композиторлар Одағының мүшесі (1998), Қазақстан комсомол сыйлығының лауреаты (1970), Қазақстанның Халық әртісі (1984), Орта Азия Халық Академиясының академигі (2000), Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің Құрметті профессоры 

Қыдырниязова Шолпан Батырқызы   Айтыс ақыны, “Қаз ССР-не еңбегі сіңірген мәдениет қызметкері” (1980), “Қаратөбе ауданының құрметті азаматы”.

Міне  осындай  дана аға-апаларыммен  мақтана  аламын!!!

  Бәрімізге белгілі Қазақ  тарихында Алашордашылардың үшінші съезі  1918 жылы 18 ақпанда Қаратөбеде  өтті.  Не себепті съезд Қаратөбеде ұйымдас-тырылды?* дегенге келсек Қаратөбе қазақтың тығыз қоныстанған жері, ол кезде Оралда уақытша әскери казак үкіметі мен революция-лық комитет қатар билік етіп тұрды. Осы себептен Алаш арыстары қаладан қашық жерде съезді өткізуді таңдады. Қаратөбе тоғыз жолдың торабында орналасқан. Мәселен, Ойыл, Ақтөбе, Ырғыз, Қызылқоға, Миялы, Жымпиты, Орал, яғни жан-жақтан ат-шанамен қатынауға бірден-бір қолайлы жер. Осындай үш себеп тоқайласып,Орал облысы қазақтарының III съезі Қаратөбеде өткізілді. Үшінші Орал облыстық қазақ съезінде Жаһанша Досмұханбетов: «Халқым, бауырларым, ғасырлар бойы ата- бабамыздың, ел қамы үшін етегімен су кешкен асылдарымыздың аңсаған азаттығы, көксеген еркіндігі үшін шешуші аттанысқа шыққылы тұрмыз...» деп сөзден бастап түсіндіріп, күн тәртібіндегі негізгі қаралатын мәселелерді атайды. Онда үкімет құру, әскер жасақтау, құрылымды ұстау үшін қаржы жинау өзекті мәселе екендігі айтылады.  Қаратөбе съезі деп тарихтан өзіндік орын алған үшінші Орал облыстық қазақ съезі тәуелсіздікке бір табан қадам жасады. Бұл  Алаш  азаматтарының сол кездегі  егемендікке еркіндікке  деген ұмтылысы еді.Ойлағандары орындалды.Бұл қадам Қазақ тарихында өшпес із  қалдырған ірі  тұлғалар жеңісі деп білемін. Бұл  менің  Тарихым!

 Әрі қарай суреттер  сөйлесін :

 

*Ер  есімі  

Ел  есінде.*

Ғарифолла  Құрманғалиевтің  ескерткіші

Ауылдың  жанынаң ағып  өтетің  Қалдығайты  өзені. Талай мәрте суына  шомылып құмында  аунаған едік...

Ал  мынау  орталығымыз мемлекеттік  мекемелер қатарынаң орналасқан.

Түнгі  көрінісі

Орталықтың  көркі  жалғыз  субұрқағымыз...

 

Ауыл  арасы  орталық.

Ғарекеннің  ескерткіші  түнгі  көрінісі.

Менің  ауылым, болашағымды  осы  ауылымсыз  елестете де алмайын. Өйткені  бар  асылдарым, достарым, бауырларым  осы  ауылымда.Ауылым Астанам, кең тынысым!!!Блогымды Ескендір  атамның  мына  әнімен  аяқтағым  келіп отыр, бұл  әнді  бүкіл  Қазақстан  біледі десем  артықтық  болмас, кеінде  Желтоқсаншыларда  қасқайып тұрып  осы  әнді  орындаған  болатын.

Жасыл жайлау түкті кілем көк кілем 

Көк кілемде көп ойнаймын көп күлем 
Күннің нұрын айдың аппақ сәулесін 
Қазағымның махаббаты деп білем

Қайда жүрсем атамекен 
Көкейіңде жатады екен 
Күннің өзі қимай оны

Ұясына батады екен  

Бұл  менің  Астанам  Менің  Отаным  Менің  Тарихым!!!

 

 

 

 

 

 Кейбір мәліметтер мен суреттер www.karatobe-bko.gov.kz мен www.zkolib.kz/akzhaikonline/kz сайтарынан  алынды.

 



Бөлісу: