"Бәйгеқұм" бекеті
блог
Жұрттың бәрі туған жері жайлы жазбаларды жарыса жазып тастаған екен. Менің кіндік қаным тамған жер Байқоңыр ғой. Алайда Байқоңыр жайлы не жазарымды білмей, аталмыш сайысқа еш мән бермедім. Өзім де көшеге шыға бермеймін. Тек туыстарымның үйіне барып тұрамын. Дегенмен, жақында ғана ауылдан келген едім. Құдайдың бұйырған Grand Duos-ымен көңілім қалаған нәрселерді суретке, видеоға түсірген болатынмын. Нағашымның ауылы Бәйгеқұм ғой. Бөлелерім де осында тұрады.
Өзімде бар-жоғы төрт-ақ бөле. Ал мен олардың жалғыз бөлесімін. Бір бөле тәтем 2008-де кеткен еді, енді екі-ақ бөлем қалды. Маусымның басында бөле ағам жол апатынан көз жұмған еді. Сол кезде анаммен ауылға бардым.
"Мәскеу-Бішкек" бағытындағы пойызбен таңғы алтыдан өте жеттік.
Шиелі. Gastarbaiter білетін шығар.
Жетідегі автобусқа отырып, нағашымның үйіне аман-есен жеттік.
Нағашымның бақшасы. Шілденің аяғында әңгелектері пісетін шығар. Жүгері де піседі. Асқабақ та болады. Бір қапқа жидені де толтырып жинап қояды.
Қора жақта осындай құм жиналған төмпешік бар екен. Арғы жағында атам заманнан бергі нағашымның мал қорасы тұр.
Жоға, Маруся емес. Қорада осы екеуі ғана болды. Қалған ешкі-қойлары әбетте жайылып жүр екен.
Қора жақтан келе жатып көріп қалғансың ғой. Нағашым өзінің күс-күс алтын қолдарымен отырғызған екен. Әжептәуір өсіп қалыпты.
Содан кейін бақша жақтағы каналға барғам. Ол жақта сәбет заманында отырғызылған ағаш бар.
Өзі бір қалың ағаш екен.
Иә, шырайы мәңгі болғыр Шымкенттің белгісі, тіпті, мына ағашта да бар екен. Байқай алдыңыз ба?
Канал жақты да шырт еткізіп суретке түсіріп алдым.
Инелік те ұшып жүр екен.
Бахтияр. 7 жаста. Әкесінің қайтыс болғанын біледі. Сағынып жүр.
Райымбек. 5 жаста. Бахтиярдың інісі. Әкесінің "копиясы" осы бала. Ал Бахтияр жеңгеме қатты ұқсайды. Нағашы әжем ғой қасында отырған. 80 жастан асты.
Есік алдындағы құмда ойнап отыр. Екеуі де анасын сағынып жүр. Ал мына қап-қара оң қол - Айжанның қызы. Аяна ғой. 7 жаста. Көршінің қызы.
Бәріміз көлге бардық. Жолда ауылдың осы бір жерін суретке түсіріп алдым.
Көлдің аты есіме түспей тұр. Бірақ суретке түсіріп алғам.
Жүгіріп келіп...
...суға секірді ғой, шіркін!
Көл жақта жүргенде көргем.
Құмы да бар екен.
Күн сәулесі түскен тас болды ғой.
Ауылда көшенің аты қалмапты дым. Кілең "Заказ" деп жазылған тақтайшалар, телефон нөмірлер. Кімнің үйі көлдің жағасында болса, сол үйдің иесіне ақша төлеп, көлге түсуге болады. Ауылда көбісі бір-біріне туыс қой. Біз де таныс-туыстардың үйіне бардық. Тек адамдар болмаған жеріне бардық. Әйтпесе, адамдар көп болса, тегін кіргізбейді. Көлдің орта жағына қолдан арал жасап қойған екен. Онда "развраттың" қандай түрі болатынын білмеймін, бірақ сонда барып келгендердің көбісі кері қарай мас болмай қайтпайды екен.
Патыма апа дүкенге нанға жұмсаған еді. Сонда телефоныма түсіріп алғам темірі ұзарғыр темір жолды.
Жанерке ғой. Сәуленің қызы. Қыздың жасын сұрауға болмайды. Ал бұл қыз, тіпті, айта алмайды да.
Жо-жоқ, "Один домадағы" Кевин емес. Бұл - Бейбарыс. Байқамай "бір қарыс" деп атап қалғаным бар. Сәуленің жалғыз ұлы. Әкесі Қуаныштан аумай қалған. Құдды ламинатталған копия ғой. Жанеркенің ағасы. Түріне қарасаң болды, күле береді. Ал ренжісе, жыласа, тілі әрі қарай кетіп қалады екен.
Неғылған сурет? Сіз бәрібір білмейсіз. Оқиғаның орнында болған жоқсыз ғой.
Косойдың қолы жетпей жүрген арманы ғой бұл сәбізің. Косой кредит алса да, мұндай сәбізді таппайды.
Есік алдындағы құм ғой. Сіз неге ұқсаттыңыз?
Бахтиярдың құммен ойнап отырған жерін суретке әп-сәтте түсіріп алғам.
Қалай-қалай түскен суретке?
Соңғы кездері көлге бармадық. Екеуі күннің 45 градустан асқан ыстығына шыдамай, есік алдындағы арыққа шомылды. Секіргенге дейін су бар ғой. Ал секіргеннен кейін ше?
Тау емес. Көл жақтағы тас қой.
P.S. Қазір Байқоңырда интернет болса да сыймай жүрмін. Иә, Бәйгеқұмға 14 шілдеге пойызға билет алып қойғам. Ауылға барғым кеп жүр. Тіршілік бір болғанымен, ауыл өмірі өзгеше ғой. Шілденің аяғына таман Шиелінің дәу-дәу қарбыздары 200 теңгеден болатын шығар. Gastarbaiter жақсы білуі керек...