Менен оны сұрама...

Менен оны сұрама...
жеке
блог

Бақыт не деп,сұрама мына менен,

Сұра оны өмірге келген сәбилерден.

Менен неге сұрайсың бақыт жайлы?

Сұра оны анасынан әлдилеген.

 

Азап не деп,сұрама мына менен,

Оданда басқа нәрсе сұра менен.

Азап жайлы сезімді сұра барып,

Адамдардан дос болған сыраменен.

 

Төзімділік не деп,тағы сұрамашы,

Жеткізе алмас сөздерім қастерлікпен,

Бұл жайлы сен,барып сұра аналардан,

Ұлын күткен,сарғайып әскерліктен.

 

Үміт деген не деп те сұрамашы,

Ондай сұрақ қазір де еркін,жалған,

Сұра барып үміттің ауырлығын,

Балалардан үмітсіз жетім қалған!

 

Жазу деген нәрсені сұрамашы,

Түсінбейміз оны терең жолдарынан.

Жазудың да қадірін сұра барып,

Адамдардан айырылған қолдарынан.

 

Әркімнен барып сұра да тілекпенен,

Қадам басып үмітке тірекпенен.

Өмірдің мәні толып тұр айналада,

Қабылдай біл,сол мәнді жүрекпенен!