Меңдуана
блог
Бұрындары, мектеп оқып жүрген жылдары, жетінші не сегізінші кластың (менің мектептік жылдарымның көбі «класс» кезінде өткендіктен осыны пайдаланамын)биологиясының артынан-ау деймін «Марихуана-кәдімгі меңдуана» деген аударманы оқыған едім. Кейініректе басқа бір сөздіктерден «Меңдуана-белени» дегенді оқыдым. Жарайды, не болса ол болсын орысшасы.Біздің халқымызда «меңдуана шайнағанбысың?» деген тіркес бар. Миға кірмейтін іс-әрекеттер мен сөздерді айтқан жанға қаратыла айтылады. Пушкин ертегісіндегі шал да кемпіріне «Ты что баба, белены обьелась?!» дейтіні де осындай жағдайдан соң ғой. Менің айтпағым мынау негізі. Биыл біздің Майқұдықта осы кәдімгі меңдуаналарыңыз көптеп өсуде.Паркте, жолдың шеттерінде дегендей.Осы шөп арқылы ақша жасаудың жолдарын кім біледі?!